26

Құжаттардың сақталуын қамтамсыз ету бөлімі

Құжаттардың сақталуын қамтамсыз ету бөлімі Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Бөлімнің негізгі міндеттері барлық жеткізгіштер түріндегі Ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттік сақтауға қабылдау; Ұлттық архивтің архив қоймаларында Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтау және сақталуын қамтамсыз ету; мемлекттік құпияларды құжаттарды қабылдау, сақтау және сақталуын қамтамасыз ету және құжаттардың көшірмелерінің Мемлекеттік сақтандыру қорын және пайдалану қорын сақтау және қамтамасыз ету болып табылады.

Бөлім барлық жеткізгіштер түріндегі құжаттарды, сонымен қатар мемлекеттік құпиялы құжаттарды мемлекеттік сақтауға қабылдауды жүзеге асырады; Ұлттық архивтің қоймаларында Ұлттық архив қоры құжаттарын сақтау және оларды тиімді орналастыруды жүзеге асыру; сақтандыру көшірмесін жасауға беру үшін аса құнды құжаттарды анықтауды жүргізеді; құжаттардың Мемлекеттік сақтандыру қорын қабылдайды, сақтау және сақталуын қамтамасыз етеді; құжаттар мен істердің саны мен физикалық жай-күйін тексеру және оның нәтижесін рәсімдейді; қалпына келтіретін және физика-химиялық жағдайларын жақсартуды қажет ететін құжаттар мен істерді анықтап олардың есебін жүргізеді және зерттеушілерге оқу залына, сұраныстарды орындау үшін архив қызметкерлеріне жұмыс орындарына, қалпына келтіруге құжаттарды беріп, оның қайтарылуын қадағалауды жүзеге асырады.

Follow by Email
Instagram