23

Құжаттарға есеп жүргізу және оларға ғылыми-анықтамалық аппарат жасау бөлімі Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің Ұлттық архив қорын сақтауды қамтамасыз ету және мемлекеттік есеп жүргізу қызметінің құрамына кіреді.

Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасы Ұлттық архивынің Жарғысын және архив ісі және құжаттама департаменті директорының, Ұлттық архив директорының бұйрықтарымен нұсқауларын, Ұлттық архив басшылығының жазбаша, ауызша өкімдерін және ережені басшылыққа алады.

Бөлімнің негізгі міндеттері Қазақстан Ұлттық архивіне мемлекеттік сақталуға түскен Ұлттық архив қоры құжаттарының мемлекеттік есебін жүргізу.

Ұлттық архив қорының Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қорын есепке алады.

Ұлттық архив қоры құжаттарына ғылыми-анықтамалық аппарат жасау.

Ұлттық архивтің қорлары бойынша құжаттардың бірыңғай электрондық архивін жүргізеді.

Ұлттық архив қорларына жөнсілтерлер, көрсеткілер және шолулар даярлайды.

Ұлттық архив қоры құжаттарына ҒАА жүйесін жасайды және дамытады. Дыбыс жазба құжаттарының есебін жүргізеді және жетілдіреді. Тізімдемелерді жетілдіруді жүргізеді.

Ұлттық архивтің жүйелі және басқа да каталогтарын жүргізеді, құжаттарды каталогтауды жүзеге асырады.

Бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша әдістемелік ұсынымдар мен жадынамалар әзірлейді.

Бөлім басшысы: Сыздықова Г.А.
8 (7172) 44-62-81 (157)

Follow by Email
Instagram