![]()
Нұрланова Сағила Есімсейітқызы
Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры
1968 жылғы 28 мамырда Ақмола облысы Қорғалжын ауданында дүниеге келген.
1991 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін «Математика» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2023 жылы «Тарих» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесі берілген.
Еңбек жолын Ақмола аграрлық университетінде оқытушы болып бастаған.
1998 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Мемлекеттік органдар жүйесіндегі кәсіби қызметін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Жалпы бөлімінің аға маманы лауазымынан бастап, кейіннен сектор меңгерушісі лауазымына дейін қызмет атқарған. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде 23 жылдан астам уақыт бойы мемлекеттік басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, құжаттау процестерін жетілдіру және автоматтандыру, архив ісі, іс жүргізу және құжаттарды басқару салаларында еңбек етті.
Қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін атқарады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның стратегиялық даму бағыттарын айқындайды және архив ісі саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етеді. Архив дирекциясының, Ғылыми кеңестің және Әдістемелік кеңестің жұмысын басқарады.
Әкімшілік және кадр қызметінің, қаржы-экономикалық бөлімнің жұмысын үйлестіреді, бюджеттік жоспарлаудың тиімді жүргізілуін, бюджеттік өтінімдердің сапалы әзірленуін және мемлекеттік қаражаттың ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етеді. Мекеме регламентінің сақталуын, мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі жұмыстың ұйымдастырылуын, қызметкерлер үшін қауіпсіз әрі қолайлы еңбек жағдайларының жасалуын, ұжымды әлеуметтік қолдау шараларының жүзеге асырылуын және жастарға патриоттық тәрбие беру жұмыстарын бақылауды жүзеге асырады.
Ұлттық архивтің консультативтік-кеңесші органдарының қызметіне жетекшілік етеді, сондай-ақ архив ісі, басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының құжаттық мұрасын сақтау салаларындағы халықаралық шарттарды, келісімдерді және жобаларды әзірлеу мен іске асыруға қатысады. Оның басшылығымен халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, архив саласын цифрлық трансформациялауға, елдің құжаттық мұрасын сақтауға және кеңінен насихаттауға бағытталған жобалар жүзеге асырылуда.
Марапаттары:
- «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалі (2015 жыл);
- Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ведомстволық наградасы – «Мінсіз қызметі үшін» медалі (2020 жыл);
- мемлекеттік награда – «Құрмет» ордені (2021 жыл);
- «Архив саласының үздігі» төсбелгісі (2024 жыл).

Құсайынова Тұрсынгүл Жағыпарқызы
Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві директорының орынбасары
Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, Құжаттарды пайдалану, Жариялау-баспа және Жеке тектік құжаттармен жұмыс жүргізу бөлімідерінің қызметін үйлестіреді.
Ұлттық архив қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету, оларды пайдалануды ұйымдастыру, архивтің жариялау-баспа қызметін жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің архивтерінен, кітапханаларынан, ғылыми ұйымдарынан келіп түсетін құжаттармен, оның ішінде жеке тектік құжаттармен архив қорларын толықтыру жұмыстарын үйлестіреді.
Тарихи, ғылыми және мәдени құндылығы ерекше архив құжаттарын анықтау, мемлекеттік сақтауға қабылдау және оларды пайдалану мәселелеріне жетекшілік етеді.

Мушкенова Сәуле Несіпбайқызы
Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві директорының орынбасары
Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің Ұлттық архив қорын толықтыру бөлімі, Мемлекеттік қор каталогы бөлімі, Құжаттарға есеп жүргізу және ғылыми-анықтамалық аппарат жасау бөлімі, Архивтік технологиялар және цифрландыру бөлімінің жұмысын ұйымдастырады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің жинақтау көздері болып табылатын ұйымдармен, әлеуетті жинақтау көздерімен жұмысты үйлестіреді, сондай-ақ әлеуетті жинақтау көздерінің тізіміне толықтырулар мен өзгерістер енгізуді ұйымдастырады.
Ведомстволық және жеке архивтерге, сондай-ақ мемлекеттік және арнайы мемлекеттік архивтерге әдістемелік және практикалық көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастырады.
Барлық ақпарат жеткізгіштердегі құжаттардың құрамы мен мазмұнына, сондай-ақ құжаттардың ғылыми-анықтамалық аппаратына мемлекеттік есеп жүргізуді ұйымдастырады.
Мемлекеттік қор каталогын жүргізу жұмыстарын ұйымдастырады.

