![]()
Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде мемлекеттік және ведомстволық архив қызметкерлерінің біліктілігін арттыру орталығы 2021 жылғы 21 желтоқсанда ашылды.
Курстар бекітілген жоспар-кестеге сәйкес жүргізіледі.
Ашылғаннан бері 1000 ға жуық архив қызметкерлері біліктіліктерін арттырды.
Оқыту бағдарламасы
Оқу курсы барысында келесі негізгі тақырыптар бойынша дәрістер оқылады:
- «Архив ісін дамыту: мәселелері мен болашағы»;
- «Мекемедегі құжаттармен жұмысты ұйымдастыру»;
- «Құжаттарды мемлекеттік сақтауға қабылдау (тапсыру) ережелері»;
- «Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету» (архив қоймасын көрсете отырып);
- «Архив ісі саласындағы нормативтік-құқықтық актілер»;
- «Архив ісі саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер».
Практикалық бөлім: Дәрістерде өтілген материалды бекіту үшін іскерлік ойындар ұйымдастырылады, сондай-ақ архив ісінің негізгі бағыттары бойынша оқу бейнефильмі көрсетіледі.
Пікірлер мен қорытынды
Тыңдаушылар курстардың деңгейін жоғары бағалап, оқу барысында архив ісі мен іс қағаздарын жүргізу саласында көптеген жаңа кәсіби білім алғандарын атап өтуде.
Курс қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталады. Бұл сертификаттың ерекшелігі — оны архив ісі және құжаттама саласындағы уәкілетті орган мен Ұлттық архив бірлесіп береді.
