Ұлттық архивте өндірістік оқу өткізу үрдісі қалыптасып келеді
*Ұлттық архивте өндірістік оқу өткізу үрдісі қалыптасып келеді*
2023 жылдың 20 қазанында Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінде Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету бөлімі қызметкерлерінің өндірістік оқуы өтті.
Оқуға ҚР Ұлттық архивінің Бас қор сақтаушысы Мая Шауленова мен барлық архив қойма меңгерушілері қатысып, архивтің басқа бөлімдерінің қызметкерлеріне Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету бөлімінің жұмысын таныстырды.
Қойма меңгерушілері:
— «Архивтік құжаттарды қабылдау, тапсыру тәртібі»;
— «Архивтік құжаттарды физикалық-химиялық және техникалық өңдеуден өткізу»;
— «Архивтік құжаттарды сақтау»;
— «Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қорын сақтау, сақталуын қамтамасыз ету»;
— «Архивтік құжаттарды орналастыру»;
— Архивтік құжаттардың бар-жоғы мен жай-күйіне тексеру жүргізу»;
— «Архив қоймаларынан архивтік құжаттарды беру тәртібі» тақырыптарында баяндамалар жасап, бейнероликтер мен слайдтар арқылы тақырыптарын толыққанды ашып көрсетті.
Оқу соңында қатысушыларға сұрақ-жауап ретінде іскерлік ойыны өткізіліп, материалды игеру деңгейі тексерілді.
Жалпы, архив саласындағы нормативтік-құқықтың базаның өзгертулері мен толықтыруларына байланысты мұндай үрдіс ҚР Ұлттық архивінде біраз уақыттан бері жалғасын тауып келе жатқанын айта кеткен жөн. Өткен айларда Ұлттық архив қорын толықтыру бөлімі мен Құжаттарды пайдалану бөлімі өндірістік оқу өткізіп, өз жұмыстарының қыр-сырымен архив қызметкерлерін таныстырған болатын.
***
*В Национальном архиве формируется процесс проведения производственного обучения*
20 октября 2023 года в Национальном архиве Республики Казахстан состоялось производственное обучение сотрудников Отдела обеспечения сохранности документов.
В обучении приняли участие Главный хранитель фонда Национального архива РК Мая Шауленова и все заведующие архивохранилищами, которые ознакомили сотрудников других отделов архива с работой Отдела обеспечения сохранности документов.
Заведующие архивохранилищами выступил с докладами на темы:
— «Порядок приема, сдачи архивных документов»;
— «Физико-химическая и техническая обработка архивных документов»;
— «Хранение архивных документов»;
— «Сохранение, обеспечение сохранности копии документов в государственном страховом фонде»;
— «Размещение архивных документов»;
— «Проведение проверки наличия и состояния архивных документов»;
— «Порядок выдачи архивных документов из архивохранилищ» и подробно раскрыли темы посредством видеороликов и слайдов.
В конце обучения участникам была проведена деловая игра в качестве вопросов и ответов, проверен уровень усвоения материала.
В целом, следует отметить, что в связи с изменениями и дополнениями нормативно-правовой базы в архивной сфере такая тенденция сохраняется в Национальном архиве РК уже некоторое время. За прошедшие месяцы Отдел комплектования национального архивного фонда и Отдел по использованию документов провели производственное обучение и ознакомили сотрудников архива с тонкостями своей работы.