«Құжаттардың құндылығын сараптау, мемлекеттік және ведомстволық архивтерді толықтыру. Нормативтік-құқықтық база, әдістемелік қамтамасыз ету және практика»
19

10-11 сәуір күндері ҚР Ұлттық архивінде «Құжаттардың құндылығын сараптау, мемлекеттік және ведомстволық архивтерді толықтыру. Нормативтік-құқықтық база, әдістемелік қамтамасыз ету және практика» тақырыбында оқу семинары өтті.
Семинарда ҚР Ұлттық архивінің білікті мамандары «Ұйымның істер номенклатурасын жасау», «Мемлекеттік сақтауға құжаттарды қабылдау реті», «Архив қызметіндегі жариялау-баспа жұмысы» және т.б. тақырыптар бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар қорытындысы бойынша әр өңірден келген архивистерге сертификаттар табысталды.