ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы
102
“Қазмедиа” орталығында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында министр Аида Балаева ведомствоның 2025 жылға арналған өзекті мақсат-міндеттерімен бағыт-бағдарын жариялады.
Сонымен қатар, кеңейтілген алқа отырысына ҚР Ұлттық Архиві “Ұлы Жеңіске — 80 жыл”, “Қазақстан Халқы Ассамблеясына — 30 жыл”, “Қазақстан Республикасының Конституциясына — 30 жыл” тақырыбында жылжымалы көрме ұйымдастырды.
Іс-шараға қатысушы Парламент депутаттары, зиялы қауым өкілдері, ҚХА, ҮЕҰ, жастар ұйымдары, БАҚ өкілдері Ұлттық Архив қорында сақталған құжаттармен танысты.