Жақұпбек Мағзұмұлы

Ұлы Отан Соғысының ардагері, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Искаков Жақұпбек Мағзұмұлы 1918 жылы қазан айының 15 жұлдызында Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Комуна ауылында дүниеге келген.
1941 жылы Кеңес әскері қатарына шақырылып Беларусь майданында соғысты. 1945 жылы Ұлы Жеңісті Беларусь Совет Социолистік Республикасының Молодечный қаласында қарсы алды. Соғыс аяқталысымен Кеңес армиясының қатарына қызметке қалдырылды. 1951-1954 жылдары М.К. Калинин атындағы жоғары әскери педагогикалық институтын тәмамдап, Башқұрт Республикасының Стерлитамак қаласына қызметке жіберіледі. Кейін Ленинград қаласындағы ұшқыш-атқыштар училищесіне ауыстырылады. 1960-1963 жылдары Сызрань әскери-әуе училищесіне ауыстырылып, осы жылы 23 жыл, 8 ай қызметтен кейін Кеңес әскерінен босатылады.
ІІ дүниежүзілік соғыс жылдарында жауынгерлік ерліктері үшін Жақұпбек Искаков «За победу над Германий в Великой Отечественной Войне 1941-45 гг.», «Кеңес Одағының батыры Маршал Г.К. Жуков» медалі, «Ветеран труда» т.б. орденмен марапатталған.
Қазіргі таңда Жақұпбек Искаковтың өмірі мен еңбектері жинақталып, Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде 224-ші жеке тек қорында сақталған.