Польша Мемлекеттік архивтерінің бас директоры Павел Петшик Ұлттық архивте
60

2025 жылғы 5 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің директоры Сағила Есімсейітқызы Нұрланова мен Польша Мемлекеттік архивтерінің бас директоры Павел Петшик, Ұлттық архивтік қорды қалыптастыру департаментінің директоры Ястшембска-Павляк Анна, Петркув қаласындағы Мемлекеттік архивтің директоры Матусяк Томашпен ресми кездесу өткізді.
Кездесу барысында архив ісі саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту, кәсіби тәжірибе алмасу, құжаттарды цифрландыру және сақтау, болашақта бірлескен жобаларды жүзеге асыру мен заманауи архив технологияларын енгізу арқылы серіктестікті жаңа деңгейге көтеру мәселелері талқыланды.
Кездесу аясында Павел Петшик мырза 1393 жылы Тоқтамыс ханның Польша-Литва короліне жолдаған хатының архивтік көшірмесін Сағила Есімсейітқызына табыстады. Құнды тарихи құжат Варшавадағы Тарихи құжаттардың орталық архивінде сақталған. Хат – Алтын Орда мен Польша-Литва мемлекеті арасындағы дипломатиялық қатынастардың маңызды тарихи дәлелі. Ол хорезм-шағатай тілінде ұйғыр жазуымен жазылып, араб жазуымен бедерленген алтын таңбамен расталған.


Тараптар архив саласындағы халықаралық әріптестіктің өзектілігін атап өтіп, келешекте тығыз ынтымақтастық орнатуға ниет білдірді.
