«Архивті толықтыру, архивтік құжаттарды есепке алу және сақталуын қамтамасыз ету» тақырыбында оқу семинары

2025 жылдың 11-12 қыркүйек күндері ҚР Ұлттық архивінде «Архивті толықтыру, архивтік құжаттарды есепке алу және сақталуын қамтамасыз ету» тақырыбында оқу семинары өтті.
Семинарда Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті басқармасының басшысы С. Тащанова «Архив ісі саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру», ҚР Ұлттық архивінің директоры С. Нұрланова «Құжаттарды қалыптастыру – Ұлттық архив қорының сапалы құрамының кепілі», ҚР Ұлттық архивінің Ұлттық архив қорын қалыптастыру бөлімінің басшысы М. Нуртазина «Ұйымның номенклатурасын жасау», ҚР Ұлттық архивінің Ұлттық архив қорын қалыптастыру бөлімінің жоғары білікті маман-архивисті Н. Иргашева, С. Сапашева «Құрылымдық бөлімшілерде құжаттарды қалыптастыру, рәсімдеу жедел сақтау және ведомстволық архивке тапсыру», ҚР Ұлттық архивінің Құжаттарға есеп жүргізу және оларға ҒАА жасау бөлімінің басшысы А. Шагиева «Ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттік есепке алу», ҚР Ұлттық архивінің бас қор сақтаушысы М. Шауленова «Мемлекеттік сақтауға құжаттарды қабылдау (тапсыру) реті», ҚР Ұлттық архивінің архив қоймасының меңгерушісі А. Унгурбаев «Құжаттарды сақтауды қамтамасыз ететін жұмыстар кешенін жүргізу бойынша практикалық сабақ»тақырыбында өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды.