Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Король Әбделазиз атындағы ғылыми-зерттеу және архив қоры арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум

22 мамыр күні Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде Сауд Арабиясы Корольдігінің Король Әбделазиз атындағы ғылыми зерттеу және архив қорының директоры TURKI BIN MOHAMMED ALSHUWAIER мен Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры Нұрланова Сағила Есімсейітқызы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Іс-шараның мақсаты – архив саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытып, бірлескен жобаларды жүзеге асыру, тәжірибе алмасу. Сонымен қатар екі елдің тарихи жадын, ғылыми ізденістерін болашақ ұрпаққа насихаттау.
Іс-шараға Король Әбделазиз қорының директоры TURKI MOHAMMED BIN ALSHUWAIER, Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстандағы Елшісі Е.П Файсал Ханеф Алкахтани мырза және тағы да басқа делегация өкілдері қатысты.
Сауд Арабиясы – рухани мұрасы терең, ислам өркениетінің ордасы. Сауд Арабиясы Корольдігінің Король Әбделазиз атындағы ғылыми-зерттеу және архив қоры – Таяу Шығыс аймағындағы архив ісінің ең беделді мекемелерінің бірі. Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы арасындағы бұл ынтымақтастық архив ісінің сапалы дамуына, ортақ жобалар мен ғылыми зерттеулердің жүзеге асуына жол ашпақ.