Ведомстволық және жеке архивтердегі Ұлттық архив қоры құжаттарына мемлекеттік есеп жүргізу

27 маусым күні ҚР Ұлттық архивінде «Ведомстволық және жеке архивтердегі Ұлттық архив қоры құжаттарына мемлекеттік есеп жүргізу» атты оқу семинары өтті.
Семинарға Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің жинақтау көздері болып табылатын ұйымдардың құжаттамамен қамтамасыз ету бөлімдерінің басшылары, іс жүргізуге және архивке жауапты тұлғалар мен архивистер қатысты.
Алғаш сөз алған ҚР Ұлттық архивінің директоры С.Е. Нұрланова қор құжаттарына мемлекеттік есеп жүргізу жолдарына тоқталды. Сондай-ақ Ұлттық архив директорының орынбасары Т.Ж. Құсайынова «Ведомстволық және жеке архивтердегі Ұлттық архив қоры құжаттарының сақталу мәселелері», Ұлттық архив қорын толықтыру бөлімінің басшысы М.Е. Нуртазина «Паспортизация ведомственных и частных архивов», Е.Н. Жанабеков «Е-Архив» ақпараттық жүйесіндегі модульдердің функциялары», «IServ» ЖШС жоба менеджері Д.А. Балтабекова «Алгоритм работы в информационной системе Единый электронный архив для сотрудников ведомственных архивов» тақырыбында өз баяндамаларымен таныстырды.
Сонымен қатар семинар барысында Ұлттық архив қоры құжаттарын мемлекеттік есепке алудың қыр-сыры, ведомстволық архивтердегі құжаттарды ретке келтіру, сақтау, пайдалану және оларды Ұлттық архивке тапсыру мәселелері жан-жақты талқыланды.