Бухара қаласында Қазақстанның архивтер күндері аясында халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы
20

2025 жылдың 19-22 тамыз аралығында Өзбекстанның Бухара қаласында Қазақстанның архивтер күндері халықаралық іс-шарасы аясында «Ақпараттық қоғамда архивтердің орны мен маңызы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтуде.
Конференцияға Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві директордың орынбасары С.Н. Мушкенова мен Архивтік технологиялар мен цифрландыру бөлімінің басшысы А.А. Булашев қатысуда.
Конференция барысында Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві директордың орынбасары С.Н. Мушкенова ұлттық тарихымызды бейнелейтін құнды құжаттардан тұратын «Қазақстан архивтерінен алынған құжаттар» атты құжаттық көрмесімен таныстырды. Архивтік технологиялар мен цифрландыру бөлімінің басшысы А.А. Булашев «Архивтер мәдени мұраны сақтаушы ретінде: цифрлық дәуірдегі маңызы мен қиындықтары» тақырыбында баяндама жасап, қазіргі цифрлық дәуірде рөлі мен олардың алдағы болашағы туралы сөз қозғады.

Конференция аясында «Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы мәдени ынтымақтастық архив фотоқұжаттарында» атты фотоальбомның тұсаукесері өтті.
Бұл маңызды конференция архивтердің қазіргі қоғамдағы орны мен олардың алдағы болашағын айқындап, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған үлкен қадам.

