• ARCHIVE
    • About the archive
      • Archive History
      • Guide
      • Sections
      • Tips and commissions
    • Cooperation
    • Scientific board
    • Methodical board
    • Research direction
    • International relations
    • Professional development center
    • Public procurement
    • Compliance service
    • Vacancies
  • NEWS
  • FUNDS
    • Description of collections
    • Archive – 2025
  • ACTIVITIES
    • Working with recruitment source organizations
      • List of organizations and institutions that are sources of recruitment
    • Working with individuals and legal entities
      • Reading room
        • Rules for working in the reading room
        • Working hours of the reading room
      • Public service delivery
    • Exhibitions
    • Publications
      • Archives of Kazakhstan Magazine
      • Publications of the National Archive of the Republic of Kazakhstan
    • Communications
    • Ask a question
    • Calendar of anniversaries and memorable dates
    • Reception of citizens
  • STANDARDS
  • PAID SERVICES
  • KZ
  • RU
  • EN
National Archive of the Republic of KazakhstanNational Archive of the Republic of Kazakhstan
National Archive of the Republic of Kazakhstan
  • ARCHIVE
    • About the archive
      • Archive History
      • Guide
      • Sections
      • Tips and commissions
    • Cooperation
    • Scientific board
    • Methodical board
    • Research direction
    • International relations
    • Professional development center
    • Public procurement
    • Compliance service
    • Vacancies
  • NEWS
  • FUNDS
    • Description of collections
    • Archive – 2025
  • ACTIVITIES
    • Working with recruitment source organizations
      • List of organizations and institutions that are sources of recruitment
    • Working with individuals and legal entities
      • Reading room
        • Rules for working in the reading room
        • Working hours of the reading room
      • Public service delivery
    • Exhibitions
    • Publications
      • Archives of Kazakhstan Magazine
      • Publications of the National Archive of the Republic of Kazakhstan
    • Communications
    • Ask a question
    • Calendar of anniversaries and memorable dates
    • Reception of citizens
  • STANDARDS
  • PAID SERVICES

Media

  • Home
  • Blog
  • Media
  • Ұлттық архивте Конституцияның түпнұсқасы мен бірегей құжаттары сақтаулы тұр

Ұлттық архивте Конституцияның түпнұсқасы мен бірегей құжаттары сақтаулы тұр

  • Posted by Redaktor
  • Categories Media
  • Date 30.08.2025
215

Ұлттық архивтің бас қор сақтаушысы Мая Шауленова BAQ.KZ тілшісіне берген сұқбатында Ата Заңның қабылдану кезеңіндегі тарихи ахуал, архивтегі бірегей деректер және жастарға Конституция тарихын жеткізудің жолдары туралы әңгімелеп берді.

– Биыл еліміздің Конституциясына 30 жыл толып отыр. Сіздің ойыңызша, бұл құжат Қазақстан тарихындағы қандай бетбұрыс кезеңдерді айқындады?

– 1995 жылғы Конституция тәуелсіз Қазақстанның саяси және құқықтық жүйесін түбегейлі қалыптастырған құжат болды. Ол жас мемлекетіміздің демократиялық дамуына, билік тармақтарының бөлінуіне, адам құқықтары мен бостандықтарының кепілдігіне негіз қалады. Конституция елдің біртұтастығын, зайырлы, құқықтық мемлекет құру жолын айқындап, ұлттық тарихтағы жаңа кезеңнің бастауы болды.

– 1995 жылғы Конституцияның қабылдану сәтіндегі саяси және қоғамдық ахуалды қалай сипаттар едіңіз?

– 1995 жылдары Қазақстанда тәуелсіздіктің алғашқы қиын кезеңдері өтіп жатты. Экономикалық дағдарыс, жаңа мемлекеттік институттардың қалыптасуы, саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері тұрды. Осындай жағдайда жаңа Конституция қоғамға тұрақтылық пен болашаққа сенім ұялатты. Бұл құжат халықтың саяси жүйеге деген сенімін арттырып, мемлекеттің бағытын айқындап берді.

– Ұлттық архивте Конституция қабылдау процесіне қатысты қандай бірегей құжаттар, фотосуреттер немесе аудио-бейнематериалдар сақталған?

– Ұлттық архивте еліміздің ең алғашқы қабылданған Конституциясының түпнұсқасы сақталған. Сонымен қатар “Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі”, “Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы”, “Қазақстан Республикасының Конституциялық соты” қорларында Конституция жобасының алғашқы нұсқалары, республикалық референдум өткізу туралы Президент Жарлығы, Конституциялық комиссия отырыстарының стенограммалары және басқа да құнды құжаттар мемлекеттік сақтаулы.

– Осы материалдардың ішінде көпшілікке әлі таныс емес, қызықты деректер бар ма?

– Иә, бар. Мысалы, Конституция жобасына берілген Конституциялық кеңес пен сарапшылардың пікірлері сақталған. Сондай-ақ Конституцияны әзірлеу барысында халықаралық тәжірибелер зерттеліп, озық үлгілер ескерілгенін айғақтайтын деректер бар.

– Конституция жобасын әзірлеуге қатысқан көрнекті қайраткерлердің еңбегін архив құжаттары қалай айғақтайды?

– Архив құжаттарында Конституция комиссиясының мүшелерінің қолтаңбалары, түзетулері, пікірлері сақталған. Бұл олардың әрқайсысының елдің негізгі заңын жасауға қосқан үлесін дәлелдейді. Әсіресе, белгілі заңгерлер мен саясаткерлердің ұсыныстары мемлекет құрылымына тікелей әсер еткені көрінеді.

– Деректерде халықтық талқылау барысы қалай көрініс тапқан?

– Архив құжаттарында халықтық тыңдаулардың хаттамалары, азаматтардың ұсыныстары, БАҚ беттеріндегі жарияланымдар бар. Бұл Конституцияның тек жоғары билік шешімі емес, халықтың белсенді қатысуымен жасалғанын айғақтайды.

– Конституцияның 30 жылдығына орай Ұлттық архив қандай жобалар ұйымдастырады?

– Осы мерейтойға орай онлайн көрмелер, тақырыптық экспозициялар, оқушыларға патриоттық тәрбие беру мақсатында экскурсиялар мен дәрістер өткізіледі. БАҚ-та мақалалар жарияланып, әлеуметтік желілерде ақпараттар таратылып жатыр.

– Жастарға Конституция тарихын жеткізуде қандай әдістер тиімді?

– Жастарға тек мәтін емес, интерактивті тәсілдер маңызды. Мәселен, құжаттардың цифрлық көшірмелерін мобильді қосымша арқылы ұсыну, арнайы лекциялар мен квест-ойындар өткізу. Бұл әдістер ашық есік күндерінде тиімді қолданылады және жастардың қызығушылығын арттырады.

– Конституция тарихын білу қазіргі құқықтық мәдениетке қалай әсер етеді?

– Конституция тарихын білу – құқықтық сананы қалыптастырудың басты шарттарының бірі. Ол жастарға заңға құрметпен қарауды, өз құқықтары мен міндеттерін түсінуді үйретеді. Тарихты білу арқылы әр азамат мемлекеттің дамуына үлес қосуға ынталанады.

Конституцияның 30 жылдығы – тарихи оқиға ғана емес, елдің даму жолындағы жаңа кезеңнің бастауы. Ата Заңға деген құрмет – Отанға деген құрмет. Әрбір қазақстандық Конституцияның мәнін түсініп, оның нормаларын орындауға атсалысуы қажет. Осылайша біз әділетті, дамыған және біртұтас Қазақстанды бірге құра аламыз.

– Уақыт бөліп, сұрақтарымызға жауап бергеніңізге алғыс айтамын. Конституция күні құтты болсын!

author avatar
Redaktor

Previous post

«Мектепке жол» акциясы
30.08.2025

Next post

«ӨМІРДІ СҮЙЕМ ЖАНЫММЕН» атты әдеби-сазды кеші
03.09.2025

You may also like

1200_0_9P7NTipCZ2QfjVCqTxRfhXsSqUK3X7zhxVFGrsN9
Қаламгерлердің архивтегі мұрасы қалай сақталады?
26 February, 2026
WhatsApp Image 2025-06-05 at 10.40.06
Елтаңба эскизінен Әнұран нұсқаларына дейін: Рәміздер туралы не білеміз
4 June, 2025
DSC_1634
Казахстан – Саудовская Аравия: новые вехи сотрудничества
27 May, 2025

Search

Recent Posts

  • Қаламгерлердің архивтегі мұрасы қалай сақталады?
  • Important Meeting Held at the National Archives
  • Working Meeting Held at the National Archive
  • An expanded meeting of the Ministry’s Board was held in Astana.
  • Roundtable dedicated to the creative legacy of Sherkhan Murtaza held at the National Archive

logo-eduma-the-best-lms-wordpress-theme

+7 (7172) 44 62 78

info@kazarhiv.kz

Посмотреть на карте Астаны

Фотографии компании
Найти проезд до Национальный архив РК, Министерство культуры и спорта РК

Requisites:

Coordinates of the National Archive
of the Republic of Kazakhstan:
010000, Astana.
Boulevard Nurzhol, 12
tel. fax: 8 (7172) 446280
Қазақстан Республикасы
opening hours of the National Archive of the Republic of Kazakhstan
Monday - Friday 09.00 - 18.00,
break - one hour. 13.00-14.00
Saturday, Sunday - days off.

© 2026 National Archive of the Republic of Kazakhstan

Яндекс.Метрика