• Архив
    • Архив туралы
      • Архив тарихы
      • Басшылық
      • Бөлімдер
      • Кеңестер мен комиссиялар
    • Ынтымақтастық
    • Ғылыми кеңес
    • Әдістемелік кеңес
    • ⁠Ғылыми бағыт
    • Халықаралық қатынас
    • Біліктілікті арттыру орталығы
    • Мемлекеттік сатып алулар
    • Комплаенс қызметі
    • Вакансиялар
  • Жаңалықтар
  • Қорлар
    • Қорлар сипаттамасы
    • Архив-2025
  • Қызмет түрлері
    • Жинақтау көздері – ұйымдармен жұмыс
      • Жинақтау көздері – ұйымдар мен мекемелер тізімі
    • Жеке және заңды тұлғалармен жұмыс
      • Оқу залы
        • Оқу залында жұмыс істеу ережелері
        • Оқу залының жұмыс тәртібі
      • Мемлекеттік қызмет көрсету
    • Көрмелер
    • Жарияланымдар
      • «Қазақстан архивтері» журналы
      • Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің басылымдары
    • Байланыс
    • Сұрақ қою
    • Мерейтойлар және атаулы күндер күнтізбесі
    • Азаматтарды қабылдау
  • Нормативтер
  • Ақылы қызметтер
  • KZ
  • RU
  • EN
Қазақстан Респубикасының Ұлттық архивіҚазақстан Респубикасының Ұлттық архиві
Қазақстан Респубикасының Ұлттық архиві
  • Архив
    • Архив туралы
      • Архив тарихы
      • Басшылық
      • Бөлімдер
      • Кеңестер мен комиссиялар
    • Ынтымақтастық
    • Ғылыми кеңес
    • Әдістемелік кеңес
    • ⁠Ғылыми бағыт
    • Халықаралық қатынас
    • Біліктілікті арттыру орталығы
    • Мемлекеттік сатып алулар
    • Комплаенс қызметі
    • Вакансиялар
  • Жаңалықтар
  • Қорлар
    • Қорлар сипаттамасы
    • Архив-2025
  • Қызмет түрлері
    • Жинақтау көздері – ұйымдармен жұмыс
      • Жинақтау көздері – ұйымдар мен мекемелер тізімі
    • Жеке және заңды тұлғалармен жұмыс
      • Оқу залы
        • Оқу залында жұмыс істеу ережелері
        • Оқу залының жұмыс тәртібі
      • Мемлекеттік қызмет көрсету
    • Көрмелер
    • Жарияланымдар
      • «Қазақстан архивтері» журналы
      • Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің басылымдары
    • Байланыс
    • Сұрақ қою
    • Мерейтойлар және атаулы күндер күнтізбесі
    • Азаматтарды қабылдау
  • Нормативтер
  • Ақылы қызметтер

Жаңалықтар

  • Басты бет
  • Blog
  • Жаңалықтар
  • Жаңа тарихты жазуда архивтік құжаттар алтын бастау бола алады

Жаңа тарихты жазуда архивтік құжаттар алтын бастау бола алады

  • Автор ҚР Ұлттық архив
  • Айдар Жаңалықтар
  • Күні 07.01.2021
1  185
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы көпшіліктің көңілінен шығып, халықтың қолдауына ие болуда. Оның себебі түсінікті де. Президент аталмыш мақаласында қазір халықтың көкейінде жүрген көптеген мәселелерді тап басып тауып, нақты шешу жолдарын ұсынған.
Қ. Тоқаев мақаласында биыл тәу етер тәуелсіздігімізді алғанымызға 30 жыл толатынын айта келе: «Тарих тұрғысынан алғанда, отыз жыл – көзді ашып жұмғандай қас-қағым сәт. Дегенмен, бұл көптеген халықтар үшін қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас дәуір деуге болады. Біз де осындай жолдан өтіп келеміз», – деп атап өткен.
Осы тұтастай дәуірді қамтыған барлық маңызды құжаттар ҚР Ұлттық архивінің сөрелерінде сақталып тұр. Ондағы әрбір парақ қағаздың өзі осы 30 жылда қабылданған әрбір шешімнің, әрбір қаулының ел ертеңін нығайтуда қаншалықты ауыр жүк арқалап жатқанының айнымас дәлелі.
Президент Тоқаев еліміздің үш онжылдықта жеткен жетістіктерін айта келіп, осынау толағай табыстардың бәріне Елбасының дара көшбасшылығының һәм халқымыздың даналығы мен парасатының, бірлігі мен ынтымағының, отандастарымыздың қажырлы еңбегінің арқасында қол жеткізгенімізді баса айтты.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Кемелұлы тарихқа көз жүгіртіп, халқымыздың басынан өткерген қилы-қилы тағдырын да тілге тиек етеді. «Біздің бабаларымыз «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаны», аталарымыз алапат ашаршылықты, қуғын-сүргінді, дүниежүзілік соғысты көрді.
Тоталитарлық кезеңде ұлттық құндылықтарымыздан, тілімізден, діліміз бен дінімізден айырылып қала жаздадық. Оның бәрі Тәуелсіздіктің арқасында халқымызға қайта оралды. Бірақ, ұлт пен ел ретінде сақталып қалу үшін бүгінгі және болашақ ұрпақ жаңа сын-қатерлерге дайын болуы керек», – деген ойын білдіреді.
Тәуелсіздік жылдарында дүниеге келген жастардың алды «отызында орда бұзып», ел тізгінін қолға алар азаматқа айналып келе жатқанын ерекше мақтанышпен айта келіп, Мемлекет басшысы бүгінгі жастардың бойына Тәуелсіздіктің қадірін мықтап сіңірудің де кезек күттірмес күрделі парыз екенін шегелей түсті.
Осы орайда ҚР Ұлттық архивінің қызметкерлері көптеген жылдардан бері «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Түркия, Мысыр, Жапон, Ресей елдерінің архивтеріне іс-сапарлармен барып, еліміздің тарихына қатысты құнды құжаттар мен бағалы жәдігерлерді елге алып келгенін атап өту керек.
Қ. Тоқаев мақаласында Алашорда арыстарынан бастап, ашаршылық, тоталитарлық жүйенің құрбандары, 86-ның желтоқсанында жазықсыз зардап шеккен боздақтардың тағдырын жан-жақты зерттеп-зерделеп, деректі және көркем фильмдерге арқау ету қажеттігін баса айтады.
Бұл – еліміздің барлық архивтерінің қызметкерлері де бей-жай қарамайтын мәселе. Архив саласының білікті мамандары тарихшы-зерттеушілермен бірлесе жұмыс атқарса, әлі де талай құнды құжаттардың бетін ашып, жарыққа шығаруға болады деп ойлаймын.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының жаңа тарихын да жаңа ғылыми ұстанымдар мен жаңалықтардың негізінде тыңнан жазатын уақыт әлдеқашан келгенін баса айтты. Бұл ретте, осы тақырыпты қаузап, тереңнен зерттеп жазамын деген тарихшы-зерттеушілермен біздің ұжым да бірлесе жұмыс атқаруға әзір екендігін жеткізгім келеді. Себебі еліміз егемен болғаннан бергі маңызды құжаттардың көпшілігі дәл осы Ұлттық архивте сақталған.
Осы тұрғыдан алған кезде, жаңа Қазақстанның жаңа тарихын жазу жолында біздің архивтің заманауи қоймалары мен сөрелерінде сақталған құжаттар алтын кеніш болатыны айдан анық.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында жазғандай, біз тәуелсіздігімізді сақтап, келер ұрпаққа жеткізу үшін әркім өз саласында күнделікті аянбай еңбек етіп, тер төгуіміз керек. Тек сонда ғана елдігіміз – мәңгілік, Тәуелсізігіміз – бәрінен қымбат болады!
Сағила Нұрланова,
ҚР Ұлттық архивінің директоры
author avatar
ҚР Ұлттық архив

Previous post

Алматы қаласының Орталық мемлекеттік архивіне іс-сапар
07.01.2021

Next post

Ұлттық архив қызметкерлері - сайлауда!
10.01.2021

СІЗГЕ ҰНАУЫ МҮМКІН

1200_0_9P7NTipCZ2QfjVCqTxRfhXsSqUK3X7zhxVFGrsN9
Қаламгерлердің архивтегі мұрасы қалай сақталады?
26 Ақпан, 2026
WhatsApp Image 2026-02-26 at 09.11.30
Ұлттық архивте маңызды кездесу өтті
25 Ақпан, 2026
WhatsApp Image 2026-02-19 at 16.47.44
Ұлттық архивте жұмыс кеңесі өтті
19 Ақпан, 2026

Іздеу

Соңғы жазбалар

  • Қаламгерлердің архивтегі мұрасы қалай сақталады?
  • Ұлттық архивте маңызды кездесу өтті
  • Ұлттық архивте жұмыс кеңесі өтті
  • Аида Балаева мәдениет және ақпарат салаларын жаңғыртудың басым бағыттарын белгіледі
  • Ұлттық архивте Шерхан Мұртазаның шығармашылық мұрасына арналған дөңгелек үстел өтті

Қаралым

  • Басты бет - 156  676 Просмотры
  • Қорлар сипаттамасы - 25  159 Просмотры
  • Рухани келісім күні - 18  228 Просмотры
  • Мерейтойлар және атаулы күндер күнтізбесі - 15  649 Просмотры
  • Руководство - 12  554 Просмотры
  • АҚЫЛЫ ҚЫЗМЕТТЕР - 12  215 Просмотры
  • История Архива - 11  701 Просмотры
  • Оқу залында жұмыс істеу ережелері - 8  770 Просмотры
  • Қазақстан Республикасының #154 қаулысы - 8  193 Просмотры
  • Бөлімдер - 8  029 Просмотры

logo-eduma-the-best-lms-wordpress-theme

+7 (7172) 44 62 78

info@kazarhiv.kz

Посмотреть на карте Астаны

Фотографии компании
Найти проезд до Национальный архив РК, Министерство культуры и спорта РК

Деректемелер:

Қазақстан Республикасы
Ұлттық архивінің координаттары:
010000, Астана қаласы.
«Нұржол» желекжолы, 12
тел.факс: 8 (7172) 446280
Қазақстан Республикасы
Ұлттық архивінің жұмыс уақыты:
дүйсенбі-жұма - сағ. 09.00-18.00,
үзіліс - сағ. 13.00-14.00
сенбі, жексенбі - демалыс күндер.

© 2026 Қазақстан Респубикасының Ұлттық архиві

Яндекс.Метрика