439

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық  архиві» РММ жинақтау көздері – ұйымдарының жиынтық тізімі (бұдан әрі- Жиынтық тізім) 01.07.2020 жылғы жағдай бойынша жасалды, тізімге 256 ұйым енгізілді, оның ішінде: 134-мемлекеттік, 122- мемлекеттік емес мекемелер және 26-әлеуетті жинақтау көздері.

Жиынтық тізім 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі бекіткен «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік архивтерінің жинақтау көздері мен әлеуетті көздері болып табылатын ұйымдардың тізімін жасау және анықтау жөніндегі әдістемелік ұсынымдар» және «Мемлекеттік архивтерді жинақтау көздері мен әлеуетті көздері болып табылатын ұйымдар түрлерінің үлгі тізімдері» негізінде, сонымен қатар «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік архивтерінің жинақтау көздері мен әлеуетті көздері-ұйымдардың тізімін құру схемасы» негізінде жасалды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің жинақтау көздерінің тізімін нақтылау бойынша жұмыс тұрақты негізде, ұйымдармен тікелей байланыста, ұйымға шыққан кезде, сондай-ақ  істер номенклатурасын әзірлеу, құжаттарды ретке келтіру кезінде жүргізіледі.

Тізім екі бөліктен тұрады:

  1. Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің жинақтау көздері болып табылатын мекемелердің, ұйымдар мен кәсіпорындардың тізімі;
  2. Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің әлеуетті көздері болып табылатын мекемелердің, ұйымдар мен кәсіпорындардың тізімі.

Жиынтық тізімге республиканың мемлекеттік, экономикалық, қоғамдық қызметінің 19 саласындағы мекемелердің, ұйымдардың және кәсіпорындардың түрлері енгізілді. Ірі салалардың ішінде кіші салалар және қызметтің нақты бағыттары ерекшеленеді.

Тізімге енгізілген мемлекеттік меншік нысанындағы ұйымдар мемлекеттік мекемелер (РММ, ММ), мемлекеттік кәсіпорындар (РМҚК, РМК, ШЖҚ РМК және т.б.) болып бөлінеді. Мемлекеттік емес меншік нысанындағы ұйымдарға (АҚ, КЕАҚ, ЖШС, ЖМ).

Жинақтау көздерін анықтаудың негізгі критерийлеріне сәйкес жиынтық тізімге келесі бөлімдер бойынша 256 мекеме, ұйымдар мен кәсіпорындар енгізілген:

  1. Мемлекеттік билік (оның ішінде сот билігі, әділет, прокуратура) №№ 1-75 – 75 қор құрушының;
  2. Жоспарлау, статистика, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау №№ 76-80 – 5 қор құрушылар;
  3. Өнеркәсіп № № 81-115 – 35 қор құрушылар;
  4. Ауыл, су, орман шаруашылығы, жер ресурстары № № 116-134 – 19 қор құрушылар;
  5. Қоршаған ортаны қорғау және мониторингі № № 135-136-2 қор құрушы;
  6. Көлік және байланыс № № 137-145– 9 қор құрушылар;
  7. Құрылыс және сәулет № № 146-149 – 4 Қор құрушылар;
  8. Геология және жер қойнауын барлау № № № 150-151 – 2 қор құрушының;
  9. Сауда және қоғамдық тамақтандыру – № 152-1 қор құрушы;
  10. Жабдықтау, дайындау, өткізу № № № 153-154 – 2 қор құрушы;
  11. Қаржыландыру, кредиттеу, шағын және орта бизнесті дамыту, сақтандыру № № № 155-169 – 15 қор құрушы;
  12. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық № 170-1 қор құрушы;
  13. Мемлекеттік кірістер, салық салу, мемлекеттік мүлік № 171 – 1 – қор құрушы;
  14. Денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт № № 172-198 – 27 қор құрушылар;
  15. Білім № № 199-226 – 28 қор құрушылар;
  16. Ақпараттық қызмет №№ 227-237 – 11 қор құрушылар;
  17. Ғылым және ғылыми сүйемелдеу №№ 238-243 – 6 қор құрушылар;
  18. Мәдениет және өнер № № 244-255-12 қор құрушылар;
  19. Қоғамдық бірлестіктер № 256-1 қор құрушы.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві» РММ-де жинақтау көздерінің тізімін нақтылау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізілуде.

Ведомстволық және жеке архивтермен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы  М. Шауленова

Қысқартылған сөздер тізімі

1.АҚАкционерлік қоғам
БҚБасқарушылық құжаттама
ҒЗҚҒылыми-зерттеу құжаттамасы
ДБҰДербес білім беру ұйымы
ЖМЖеке мекеме
ЖСҚЖобалау-сметалық құжаттама
ЖШСЖауапкершілігі шектеулі серіктестік
МММемлекеттік мекеме
МОБТМемлекеттік опера және балет театры
КЕАҚКоммерциялық емес акционерлік қоғам
ҚБҚоғамдық бірлестік
ҚРҚазақстан Республикасы
ҚР АҚДМҚазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
ҚР АШМҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
ҚР ӘМҚазақстан Республикасы Әділет министрлігі
ҚР БҒМҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ҚР ДСМҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
ҚР ЕХӘҚМҚазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
ҚР ИИДМҚазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
ҚР ҚМҚазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР МСМҚазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
ҚР СИМҚазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі
ҚР ҰЭМҚазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
ҚР ЦДАӨМҚазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
ҚР ЭГТРМҚазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі
ҚР ЭМҚазақстан Республикасы Энергетика министрлігі
НЗМНазарбаев зияткерлік мектептері
ПЛҚПатенттік-лицензиялық құжаттама
РММРеспубликалық мемлекеттік мекеме
РМКРеспубликалық мемлекеттік кәсіпорын
РМҚКРеспубликалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
РТРКРеспубликалық теле радио компаниясы
ФҚФотоқұжаттама
ШЖҚ РМКШаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын

Әлеуетті көздері – ұйымдарының жиынтық тізімі
Жүктеу сілтемесі : ҚАЗ – РУС

Жинақтау көздері -ұйымдарының жиынтық тізімі
Жүктеу сілтемесі : ҚАЗРУС

Follow by Email
Instagram