Ұлт саулығы жолындағы ұлы есімдер

18 маусым күні ҚР Ұлттық архивінде Медицина қызметкерлері күні қарсаңында «Ұлт саулығы жолындағы ұлы есімдер» атты архивтік жоба аясында академик, биология ғылымдарының докторы Н.Б. Ахматуллина мен профессор, медицина ғылымдарының докторы Н.Ж. Батпеновтің жеке қорларының ашылу салатанаты өтті.
Шара барысында архивке құжаттар тапсыру туралы арнайы сертификат табысталды. Сонымен қатар Н.Б. Ахматуллина мен Н.Ж. Батпеновтің қорларынан алынған құнды құжаттар негізінде медицина тарихына арналған көрме ұйымдастырылды.
Салтанатты жиынға Н.Ж. Батпеновтың аяулы жары Гүлнар Рыскелдіқызы, Н.Б. Ахматуллинаның ұлы Бөпеш Мұқатайұлы, сондай-ақ, мемлекет және қоғам қайраткерлері, медицина саласының майталмандары, зиялы қауым, БАҚ өкілдері, Астана медицина университетінің студенттері мен магистранттары қатысты.