Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві мен Иран Ислам Республикасының Ұлттық кітапхана және архив ұйымы Ұлттық кітапханасы арасындағы ресми кездесу

2025 жылғы 21 тамызда Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің директоры Сағила Есімсейітқызы Нұрланова мен Иран Ислам Республикасының Ұлттық кітапхана және архив ұйымы Ұлттық кітапханасы басшысының орынбасары Реза Шахраби Фарахани мырза ресми кездесу өткізді.
Бұл жүздесу — екі ел арасындағы тарихи сабақтастықты сақтау, рухани мұралармен тәжірибе алмасу, архив саласындағы өзара байланысты тереңдетуге бағытталған маңызды диалог алаңы болды.
Тараптар ортақ тарихи құндылықтарды сақтау жолында күш біріктіріп, бірлескен архивтік жобалар мен ғылыми-зерттеу бастамаларды жүзеге асыруға, сондай-ақ салалық мамандар арасында тәжірибе алмасуды жүйелі жолға қоюға уағдаласты.
Бұл кездесуді — Қазақстан мен Иран арасындағы мәдени байланыстың алтын көпірі, архив саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жаңа белеске көтерген тарихи сәт деуге толық негіз бар. Архив – өткеннің аманаты, ал оны бірге сақтау – болашаққа деген ортақ жауапкершілік.
(Иран Ислам Республикасының Ұлттық кітапхана және архив ұйымы Ұлттық кітапханасы басшысының орынбасары Реза Шахраби Фарахани мырза ресми кездесу, Астана қ., 2025 жылғы 21 тамыз. Фото авторы И.Ф. Бургандинов., ҚР Ұлттық архиві)