Әнуарбек Сүйіндікұлы

Әнуарбек Сүйіндікұлы 1915 жылы Шығыс Қазақстан (Семей) облысы, Абай ауданы, Шыңғыстаудың Орда тауының бауырында, 10 ауылда дүниеге келген.
1941 жылдың наурыз айында әскер қатарына шақырылып, Польшадағы Ломжа қаласында әскери міндетін атқарды. 1941 жылы 22 маусымда 21 армияның құрамында болып Харьков облысындағы Ахтырка, Старый Оскол маның азат етуге қатысады. 1945 жылы Ұлы Жеңісті Италия Республикасының Пиза қаласында қарсы алды.
ІІ дүниежүзілік соғыс жылдарында жауынгерлік ерліктері үшін Әнуарбек Сүйіндікұлы ІІІ дәрежелі Даңқ, ІІІ дәрежелі Отан соғысы, «Құрмет белгісі» ордені, Бүкілодақтық халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің кіші күміс, қола медальдары, Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасы, Совет Социалистік Республикалар Одағының Құрылуының 60 жылдығы, Ұлы Жеңістің 40 жылдығы грамоталарымен т.б. орденмен марапатталған.
Қазіргі таңда Әнуарбек Сүйіндікұлының өмірі мен еңбектері жинақталып, Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің 79-шы жеке тек қорында сақтаулы.