«Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметін көрсету» тақырыбында оқу семинары

2025 жылғы 16-17 қазан күндері ҚР Ұлттық архивінде «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметін көрсету» тақырыбында оқу семинары өтті.
Семинарға Астана қаласы, Ақмола, Абай, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының архив қызметкерлері, сондай-ақ ҚР Ұлттық архивінің білікті мамандары қатысты.
Семинар ашылуында ҚР Ұлттық архивінің директоры С.Е. Нұрланова қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, семинардың маңыздылығына тоқталды. Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті басқармасының басшысы С.Н. Тащанова архив ісі саласындағы нормативтік-құқықтық актілер, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы нормативтік-құқықтық база, ҚР ӘРПК қағидаларын қолдану, архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру т.б. тақырыптарда өз тәжірибесімен бөлісті.
Семинар барысында қатысушылар мемлекеттік қызмет көрсету кезінде кездесетін мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болды.
Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.