• Архив
    • Архив туралы
      • Архив тарихы
      • Басшылық
      • Бөлімдер
      • Кеңестер мен комиссиялар
    • Ынтымақтастық
    • Ғылыми кеңес
    • Әдістемелік кеңес
    • ⁠Ғылыми бағыт
    • Халықаралық қатынас
    • Біліктілікті арттыру орталығы
    • Мемлекеттік сатып алулар
    • Комплаенс қызметі
    • Вакансиялар
  • Жаңалықтар
  • Қорлар
    • Қорлар сипаттамасы
    • Архив-2025
  • Қызмет түрлері
    • Жинақтау көздері – ұйымдармен жұмыс
      • Жинақтау көздері – ұйымдар мен мекемелер тізімі
    • Жеке және заңды тұлғалармен жұмыс
      • Оқу залы
        • Оқу залында жұмыс істеу ережелері
        • Оқу залының жұмыс тәртібі
      • Мемлекеттік қызмет көрсету
    • Көрмелер
    • Жарияланымдар
      • «Қазақстан архивтері» журналы
      • Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің басылымдары
    • Байланыс
    • Сұрақ қою
    • Мерейтойлар және атаулы күндер күнтізбесі
    • Азаматтарды қабылдау
  • Нормативтер
  • Ақылы қызметтер
  • KZ
  • RU
  • EN
Қазақстан Респубикасының Ұлттық архивіҚазақстан Респубикасының Ұлттық архиві
Қазақстан Респубикасының Ұлттық архиві
  • Архив
    • Архив туралы
      • Архив тарихы
      • Басшылық
      • Бөлімдер
      • Кеңестер мен комиссиялар
    • Ынтымақтастық
    • Ғылыми кеңес
    • Әдістемелік кеңес
    • ⁠Ғылыми бағыт
    • Халықаралық қатынас
    • Біліктілікті арттыру орталығы
    • Мемлекеттік сатып алулар
    • Комплаенс қызметі
    • Вакансиялар
  • Жаңалықтар
  • Қорлар
    • Қорлар сипаттамасы
    • Архив-2025
  • Қызмет түрлері
    • Жинақтау көздері – ұйымдармен жұмыс
      • Жинақтау көздері – ұйымдар мен мекемелер тізімі
    • Жеке және заңды тұлғалармен жұмыс
      • Оқу залы
        • Оқу залында жұмыс істеу ережелері
        • Оқу залының жұмыс тәртібі
      • Мемлекеттік қызмет көрсету
    • Көрмелер
    • Жарияланымдар
      • «Қазақстан архивтері» журналы
      • Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің басылымдары
    • Байланыс
    • Сұрақ қою
    • Мерейтойлар және атаулы күндер күнтізбесі
    • Азаматтарды қабылдау
  • Нормативтер
  • Ақылы қызметтер

БАҚ

  • Басты бет
  • Blog
  • БАҚ
  • Көне құжаттағы уақыт табы

Көне құжаттағы уақыт табы

  • Автор Redaktor
  • Айдар БАҚ, Жаңалықтар
  • Күні 06.11.2025
508

Құжат дегеніміз – уақыттың мөрі. Сол мөрдің ізімен біз кешегімізді танимыз, бүгінімізді бағамдаймыз, ертеңімізді болжаймыз. Бірақ уақыт қағазды сарғайтады, сияны өшіреді, осылайша қарт тарихтың парақтарын тоздырады. Сол үшін архивтерде күн сайын көзге көрінбейтін күрес жүріп жатады: біреу бөлмедегі жылу температурасын бақыласа, екіншісі жарықтың әрбір сәулесін реттейді, енді біреуі ылғалдың әр тамшысымен күресіп, тағы біреуі бактериялармен арпалысады.

Құжаттар қалай сақталады?

Архивші тарихты сақтау үшін техникамен де, табиғатпен де, адам ұқып­сыздығымен де күреседі. Бір қағазды дұрыс қорапқа салмау, тиісті температураны сақтамау – жүз жылдық естеліктің үзіліп кетуіне себеп болуы мүмкін. Әр бөлменің температурасы мен ылғалдылығы тұрақты, жарығы өлшенген, ауасы сүзілген болуы шарт. Тіпті шам жарығының өзі белгілі бір уақыттан аспауға тиіс.

Архив қорына қабылданған әр құжат алдымен толық тексеруден өтеді. Көгерген бе, жәндік жеген бе, ылғал тиген бе – бәрі мұқият зерттеледі. Тазаланған соң ғана архив қойнауына еніп, мәңгілік тыныс табады. Ал қойма ішіндегі әр құжаттың орналасу тәртібі де өзгеше ғылым.

Сол себепті архив – тек сақтау қоры ғана емес, құжатқа екінші өмір сыйлаушы. Онда күн сайын адамдар келеді, сұрау салады, іздейді, зерттейді. Құжаттар сол сәтте қайта «тіріледі». Бірақ сол сәттің өзі құжатқа сын: парақтар қозғалып, тозады, бояуы өше бас­тайды. Цифрлық технология­лар бұл тұрғыда баға жетпес мүмкіндік. Сарғайып жатқан құжаттар мәңгілік цифрлық бейне түрінде сақталады.

Алайда техника да өзімен бірге жаңа қауіп әкелді. Қазіргі принтер мен компьютер дәуіріндегі қағаздар мен сиялар бұрынғыдай төзімді емес. Бұрынғы машинкамен терілген жазулар ондаған жылдар бойы айқын қалпын сақ­таса, бүгінгі түрлі бояулы сия­лар бірнеше жылдың ішінде-ақ көмес­кіленеді. Әсіресе лазерлік прин­терлердің бояуы мен заманауи қағаз сапасы архив талабына сай емес. Сондықтан мамандар енді ар­найы сиялар мен жоғары са­па­л­ы қағаздар қолдануды жиі айтады.

Құжат құрамының өзгеруі көптеген табиғи және жасанды факторлардың әсерінен болады. Жылдар бойы уақытша және тұрақты сақталу, пайдала­ну барысында және бірнеше рет орыннан-орынға ауыстыру кезін­де құжаттардың физикалық жағ­дайы өзгеріске түседі. Осы ретте, ар­хив­терде сақталатын құ­жат­тар ес­кіруінің негізгі түрлеріне тоқталсақ:

– Қараңғы жерде сақталатын құжаттар жылу жоғарылауынан жедел ескіре бастайды;

– Құжаттармен жұмыс істе­генде жарық құрамының көбеюі және олардың уақытша болса да сәулеленуі;

– Механикалық күштердің әсерінен құжаттарды пайдалану мен орыннан-орынға ауыстыру ескіру жылдамдығын бірден арттырады;

– Тірі организмдердің – жәндіктердің, кеміргіштердің, көгеру гребоктарының, бактерия­лардан бұзылуы, бүлінуі.

Бұларға дер кезінде тиісті шаралар қолданбаса, қысқа мерзімде апаттық жағдайға алып келеді. Құжаттарды ұзақ сақтау үшін стационарлық жағдайда тұрақты режімді (климаттық, газдық, жарықтық, санитарлық-биологиялық) бірден өзгертпеген дұрыс. Сонымен қатар тұрған жерлерінен басқа орынға қозғал­ту, жарықтық, климаттық, дефор­мациялық жағдайларға назар аудармау тез ескіртеді.

Сақтаудағы құжаттарды пай­да­­лан­ғанда, физикалық жағ­дайы­ның өзгеруін, нашарлауын, бүліну мүмкін­діктерін ескеру керек. Статистикаға сәйкес тұрғын­дардың сұрауымен жылына шамамен 400 000 құжат (2023 жылғы дерек) пайдалануға беріледі. Пайдалану барысында құжаттарды бақылап, сараптап, оларға «адами фактор­лардың» әсе­рін нақты анықтап, дәлелдеу мүм­­кін емес. Ал жарық түсуінен бо­­латын өзгерістерді шама­мен анықтауға техни­калық мүмкіндіктер бар.

Әзірлеу мен сақтаудың архивтік проблемалары

Сараптама бойынша құжат­тар жарық жерде неғұрлым көп болса, олардың тозуы, бүлінуі де соғұрлым артады. Сарап­тама және талдау нәтижелері бойынша аса құнды, бағалы құжат­тар­дың түпнұс­қаларын уақыт­ша пайдалануға беруге мейлін­ше тыйым салған жөн. Ал көшірме­лерге келсек, әңгіме басқа.

Қазір құжаттардың көшір­мелерін түсіру үшін сканерлеу, ксерокөшірме, фототүсірілім, микро фильмдер жасалады. Барлық жағдайда түпнұсқадан көшірме жасау үшін жарық керек. Жарық құжаттардың уақытынан бұрын тозуына әкеп соғады. Сол себепті архив ісінде құжаттарды міндетті түрде қараңғыда сақ­тау және ең төменгі жарықтандыру тәсіл­дері қолданылады (шамамен 20-50 Лк).

Архив саласында негізгі био­логиялық зиянкестерге жәндіктер мен көгеру грибоктары жатады. Биологиялық зақым­данудың алғашқы себептеріне сақтау орны­ның нашар жағдайы, ағаш­тардың жақын орналасуы, жертөле қабаттары мен жылу жүйесі жоқ бөлмелердің қоқыс­тары, керексіз материалдар мен заттар, кей жағдайда зиянкестермен зақымданған құжаттар мен қораптардың қабылдануы және т.б. жағдайлар жатады. Осыған байланысты жәндіктерден сақтанудың алдын алу бойынша ауланың, ғимараттың, сақтау бөлмелері мен құжаттардың санитарлық-биологиялық нормасын қатаң бақылауда ұстау керек.

Ал көгеру грибоктарының тіршілігі тікелей климаттық жағдайға байланысты, 65%-дан жоғары ылғал олардың өмір­шеңдігін арттырады. Мұндай жағдайда құжаттармен жұмыс істеу адамдарға өте қауіпті, сол себепті құжаттарды каран­тиндік режім бойынша міндетті түрде бөлектеу қажет, бұған қоса дезинфекция жасау мәселесін жоспарлы жүргізу керек.

Сондықтан сақтау орындарында климатикалық режімді бақылау өте ма­ңызды, өйткені көктем және күз мезгілі архив бөлмелерінде микроклимат өзгеріске түсетін уақыт есебінде.

Бұрын ресми машиналық хаттау құжаттамаларының мәтіндері қолда­нылды. Олар жарыққа, дымқыл ауаға төзімді келетін. Ол кезең өтті. Қазір әртүрлі прин­терлер арқылы басып шығара­тын мә­тіндер пайда болды. Алайда прин­терлік мәтіндердің сапа жағынан көптеген кемшіліктері бар.

Жуырда белгілі қоғам және мемлекет қайраткері, жазушы Шерхан Мұртазаның «Егемен Қазақстанда» сақталған біршама құжаттары Ұлттық архивке тап­сырылды. Бұл тарихи маңыз­дылығы мен құндылығы жағынан бірегей құжаттарға жатады. Онда жазушының «Қызыл жебе» рома­нының қолжазба түп­нұсқасы, бұрын еш жерде жарияланбаған көптеген құжат­тары мен фотосуреттері бар. Дегенмен кейбір құжаттардан жоғарыда аталған «ауру-сырқаттар» анықталып, қазір архив лабораториясында оларды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоғарыдағы проблемаларды көтеріп, жазып отыруымыздың себебі де – осы. Жалпақ жұртшылыққа құнды құжаттарды сақтауда түрлі факторларды ескерудің қандай ма­ңызды екенін айтып жеткізгіміз келді. Себебі архив – адамзаттың зердесі. Ол – халықтың көргені мен көңілінде қалғанының бәрін хаттап, қастерлеп сақтайтын қасиетті орын. Сол архивтің есігінен ішке енген әрбір адам уақыттың тынысын сезеді. Мұнда өткен ғасырлар сөйлейді, үнсіз суреттер мен хаттар сыр шертеді. Сол құжаттардың арасында соғыс даласынан келген хаттар, ел тағдырын шешкен құжаттар, өмірге үміт сый­­лаған куәліктер, ұлт тарихының қасі­ретті беттері сынды талай тағдырдың ізі бар.

Сондықтан архив қызмет­керінің еңбегі – көзге көрінбейтін, бірақ ел үшін ерен іс. Олар күн сайын тарихтың шаңын сүртеді, ұлт жадын сақтайды, болашақтың іргесін бекітеді. Бұл – нағыз ұлтқа қызмет етудің беймарапат жолы. Себебі өз тарихын қадір­леген халық қана болашағына сенімді қадам басады.

 

Сағила НҰРЛАНОВА,

Ұлттық архивтің директоры

egemen.kz

author avatar
Redaktor

Previous post

Астанада «Архив–2025» кешенді бағдарламасына арналған қорытынды конференция өтті
06.11.2025

Next post

Жаны – жібек, жүрегі – жалын Ғабдуллин
15.11.2025

СІЗГЕ ҰНАУЫ МҮМКІН

1200_0_9P7NTipCZ2QfjVCqTxRfhXsSqUK3X7zhxVFGrsN9
Қаламгерлердің архивтегі мұрасы қалай сақталады?
26 Ақпан, 2026
WhatsApp Image 2026-02-26 at 09.11.30
Ұлттық архивте маңызды кездесу өтті
25 Ақпан, 2026
WhatsApp Image 2026-02-19 at 16.47.44
Ұлттық архивте жұмыс кеңесі өтті
19 Ақпан, 2026

Іздеу

Соңғы жазбалар

  • Қаламгерлердің архивтегі мұрасы қалай сақталады?
  • Ұлттық архивте маңызды кездесу өтті
  • Ұлттық архивте жұмыс кеңесі өтті
  • Аида Балаева мәдениет және ақпарат салаларын жаңғыртудың басым бағыттарын белгіледі
  • Ұлттық архивте Шерхан Мұртазаның шығармашылық мұрасына арналған дөңгелек үстел өтті

Қаралым

  • Басты бет - 156  669 Просмотры
  • Қорлар сипаттамасы - 25  156 Просмотры
  • Рухани келісім күні - 18  227 Просмотры
  • Мерейтойлар және атаулы күндер күнтізбесі - 15  649 Просмотры
  • Руководство - 12  554 Просмотры
  • АҚЫЛЫ ҚЫЗМЕТТЕР - 12  215 Просмотры
  • История Архива - 11  700 Просмотры
  • Оқу залында жұмыс істеу ережелері - 8  770 Просмотры
  • Қазақстан Республикасының #154 қаулысы - 8  191 Просмотры
  • Бөлімдер - 8  029 Просмотры

logo-eduma-the-best-lms-wordpress-theme

+7 (7172) 44 62 78

info@kazarhiv.kz

Посмотреть на карте Астаны

Фотографии компании
Найти проезд до Национальный архив РК, Министерство культуры и спорта РК

Деректемелер:

Қазақстан Республикасы
Ұлттық архивінің координаттары:
010000, Астана қаласы.
«Нұржол» желекжолы, 12
тел.факс: 8 (7172) 446280
Қазақстан Республикасы
Ұлттық архивінің жұмыс уақыты:
дүйсенбі-жұма - сағ. 09.00-18.00,
үзіліс - сағ. 13.00-14.00
сенбі, жексенбі - демалыс күндер.

© 2026 Қазақстан Респубикасының Ұлттық архиві

Яндекс.Метрика