ҚР Ұлттық архивінде Абай облысының архив басшыларына арналған семинар өтті

2025 жылғы 05 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде Абай облысындағы мемлекеттік архивтердің басшылық құрамынына арналған «Архив ісі саласындағы өзекті үрдістер, әдістемелер мен технологиялар» тақырыбында семинар өтті.
Семинардың негізгі мақсаты – архив ісі мен құжаттаманы басқару саласындағы өзекті мәселелерді талқылау және тәжірибе алмасу.
Іс-шараның ашылуында ҚР Ұлттық архивінің директоры С.Е. Нұрланова қатысушыларға сәттілік тілеп, архив саласындағы менеджмент әдістеріне тоқталды. Архивтік технологиялар бөлімінің басшысы Е.Н. Жанабеков «Электрондық құжаттардың құндылығына сараптама жүргізудің ерекшеліктері» тақырыбында дәріс оқып, электрондық архив жүргізу бойынша сұрақтарға жауап берді. Семинар барысында Ұлттық архивтің жетекші мамандары мен бөлім басшылары бірқатар маңызды тақырыптар бойынша дәрістер оқыды. Бағдарлама соңында қатысушылар архив қоймаларымен, цифрландыру және реставрация лабораторияларының жұмысымен танысып, бейнефильм тамашалады.
Тәжірибе алмасу сапары өңірдегі архив қызметкерлерінің білім деңгейін арттырып, өз қызметтеріне оң өзгеріс енгізуге негіз болды. Семинар соңында барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.

