ҚР Ұлттық архивінің жеке тек қор иесі Әлібек Асқаров – 75 жаста!
11

Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің жеке тек қор иесі, Мемлекеттік сыйлық лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Әлібек Асқаров мерейлі 75 жасқа толды.
Қаламгер өзінің жеке құжаттарын 2021 жылдың шілде айында Қазақстан Республикасының Ұлттық архивіне тапсырды. Құжаттарға ғылыми-техникалық өңдеу жүргізіліп, нәтижесінде 1959-2021 жылдар аралығын қамтитын тұрақты сақталатын құжаттардың № 1 істер тізімдемесі жасалды.
Ондағы құжаттар тақырыптық принцип бойынша жүйеленіп, 6 бөлімге бөлінді. Әрбір бөлімдегі құжаттар мен материалдар хронологиялық тәртіппен орналастырылды. Тізімдемеге 46 іс енгізілді.
І бөлімге қор иесінің жеке құжаттары енді.
ІІ бөлімге шығармашылық құжаттары енгізілді және олар төмендегідей екі бөлімшеге бөлінді.
2.1. Мақалалары, әңгімелері, повестері: Жарияланбаған әңгімелер топтамасы; «Өр Алтай мен қайтейін биігіңді» повесі бойынша ауыл сахнасына арналған инсценировкасы; «Мен жүз жерден жазушы болайын, өмірге суретші көзімен қараймын…», «Кенді Алтайдың кермек тағдыры», «Мукур и его обитатели», т.б. баспасөз беттерінде жарияланған мақалалары, т.б.
2.2. Кітаптары: «Мұнар тауды, мұзарт шыңды аңсаймын» (Ел мен Жер жайында толғау); «Скрип соленого сердца» (Әңгімелер); «Алтайда алтын күз еді» Поэма; «Өр Алтай, мен қайтейін биігіңді…» романы, т.б.
ІІІ бөлімге қызметтік құжаттары топтастырылды.
IV бөлімге қор иесінің және қор иесіне мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, әріптестерінің жазған хаттары енгізілді.
V бөлімге қор иесі туралы құжаттар топтастырылды: «Әлібек әлемі», «Дүрмекті дәуірдің ащы шындығы», «Время Аскарова», т.б. қор иесі туралы баспасөз беттерінде жарияланған мақалалар; «Классиктер шоғырында» атты қор иесінің шығармашылығы туралы кітап және т.б.
VІ бөлімде жинақ құжаттар топтастырылды: Мэлс Өзбековтың ноталар жинағы, әндері; 1918 жылға дейінгі Қазан қаласында жарық көрген қазақ кітаптарының тізімі, Абай Құнанбайұлының араб тілдеріндегі кітаптарының тізімі, т.б.
Ұлттық архив ұжымы қаламгерді мерейлі мерейтойымен құттықтай отырып, отбасына амандық, деніне саулық, шығармашылық шабыт тілейді!
