«ҚР ҰЛТТЫҚ АРХИВ ҚОРЫНЫҢ ҚҰЖАТТАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОҚУ СЕМИНАРЫ

2025 жылғы 25-26 қыркүйек күндері ҚР Ұлттық архивінде «ҚР Ұлттық архив қорының құжаттарын пайдалануды ұйымдастыру» тақырыбында оқу семинары өтті.
Семинарға Атырау облысы мемлекеттік архиві мен Махамбет, Қызылқоға аудандық филиалдарының қызметкерлері, ҚР Ұлттық архивінің білікті мамандары қатысты.
Семинарда ҚР Ұлттық архивінің директоры С.Нұрланова «Құжаттарды қалыптастыру – Ұлттық архив қорының сапалы құрамының кепілі», ҚР Ұлттық архиві директорының орынбасары С.Мушкенова «Фотоқұжаттық көрмелер мен тақырыптық экспозицияларды дайындау, безендіру және таныстыру әдістемесі», ҚР Ұлттық архивінің бас қор сақтаушысы М.Шауленова «Мемлекеттік сақтауға құжаттарды қабылдау (тапсыру) реті», Жариялау-баспа бөлімінің басшысы Л.Жолдасова «Архив саласындағы жариялау-баспа жұмысы», ҚР Ұлттық архивінің Ұлттық архив қорын қалыптастыру бөлімінің жоғары білікті маман-архивисті Н.Иргашева, С.Сапашева «Құрылымдық бөлімшілерде құжаттарды қалыптастыру, рәсімдеу жедел сақтау және ведомстволық архивке тапсыру», ҚР Ұлттық архивінің архив қоймасының меңгерушісі А.Унгурбаев «Құжаттарды сақтауды қамтамасыз ететін жұмыстар кешенін жүргізу бойынша практикалық сабақ», Жоғары деңгейлі білікті маман-археограф Ж.Ниязбекова «Архив саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді орындау, есепті қалыптастыру», Жоғары деңгейлі білікті маман-архивист М.Мырзакасымова, А.Сангожина «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін «Е-архив», «Е-Өтініш» АЖ көрсету, Жоғары деңгейлі маман-археограф А.Айтенова «Оқу залында зерттеушілердің құжаттарды пайдалану тәртібі» тақырыбында өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.