1  448

«Архив-2025» ғылыми-әдістемелік орталығы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің жанынан құрылған.

Орталықтың мақсаты – Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылған «Архив-2025» бағдарламасын іске асыру бойынша үйлестіру және әдістемелік жұмыстарын жүргізу, мемлекеттік органдармен, архивтермен, университеттермен, институттармен, ғылыми қауымдастықпен бірге ұлттық тарихты тереңінен тұтас қарауға мүмкіндік беретін отандық және халықаралық архивтердің құжаттары негізінде ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.

Міндеттері – еліміздің архивтері мен ғалымдардың шетелден әкелген архив құжаттарын инвентаризациялау; қайтарылған архивтік құжаттардың бірыңғай базасын құру; «Архив-2025» бағдарламасы шеңберінде іс-шараларды жүзеге асыру бойынша шетел архивтерімен өзара ынтымақтастық механизмін құру, ведомствоаралық үйлестіру және барлық деңгейдегі мемлекеттік органдармен және ғылыми қауымдастықпен бірлесіп жұмыс жүргізу.

Сонымен қатар, Орталық отандық және шетелдік ірі архивтермен жүйелі және ұзақ мерзімді өзара ынтымақтастық бойынша тарихшылардың, ғалымдардың, архивистердің арнайы топтарының іздестіру-зерттеу жұмыстарына әдістемелік қолдау көрсетеді. Жалпы «Архив-2025» бағдарламасы аясында архив материалдарын анықтау, жинау, жүйелеу, жариялау; қайтарылған архивтік құжаттарды цифрлық форматқа айналдыру; іздеу және зерттеу жұмыстарының материалдары негізінде кітаптар, анықтамалықтар, жинақтар, каталогтар шығару жұмыстары жоспарланған. «Архив-2025» шеңберінде жобалық жұмыстар, ғылыми зерттеулер университеттермен, зерттеу орталықтарымен, жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, ведомствоаралық және халықаралық ынтымақтастық бойынша кезең-кезеңмен жүзеге асырылады.

© 2020 - 2021 Қазақстан Респубикасының Ұлттық архиві

Follow by Email
Instagram