Құжаттарды пайдалануды ұйымдастыру бөлімі (ҚПҰБ)
Құжаттарды пайдалану бөлімі (ҚПБ) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві» республикалық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және келесі функцияларды жүзеге асырады:
1. Мемлекеттік қызмет көрсету:
-
еңбек өтілі туралы сұраныс;
-
жалақы туралы сұраныс;
-
наградтау / марапаттау туралы сұраныс;
-
сұраныс (өзге де).
(өтініш үлгілері қоса беріледі)
2. Тақырыптық сұраныстар
Архивте мемлекеттік қызмет көрсету бойынша сұраныстар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде өтеусіз (тегін) орындалады.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нормативтік мерзімі өтініш тіркелген сәттен бастап 11 жұмыс күнін құрайды. Өтініш берушіге 3 (үш) күн ішінде міндетті түрде жазбаша хабарлама жібере отырып, орындау мерзімі 25 күнге дейін ұзартылуы мүмкін.
Мемлекеттік қызмет нәтижесін беру келесі жолдармен жүзеге асырылады:
-
өтініште көрсетілген пошталық мекенжай немесе электрондық пошта арқылы;
-
мекеменің тиісті бөлімінде.
Назар аударыңыз! Электрондық пошта арқылы жіберілген архивтік анықтамалардың заңды күші болмайды.
