Ұлттық архив басшылығы қызметкерлерді мерекемен құттықтады
1 490
Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив ісі және құжаттама департаментінің басқарма басшысы Гүлзира Қарсақбаеваның қатысуымен Жаңа жылға орай мерекелік іс-шара өткізілді.
Гүлзира Елібайқызы және Ұлттық архивтің директоры Сағила Нұрланова әріптестерін келе жатқан Жаңа жылмен және 2020 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №874 қаулысымен бекітілген архив саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен құттықтап, Алғыс хаттармен марапаттады.