Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві 2023 жылғы 15-16 маусым аралығында «Ұйымдағы ғылыми-техникалық құжаттаманы сақтауды, толықтыруды, есепке алуды және пайдалануды ұйымдастыру» тақырыбында оқу курсы өткізілетінін хабарлайды. Оқу курсына қатысу ақылы (40 000 теңге), іссапар шығындары жіберуші тарапынан төленеді және тыңдаушыларға сертификат беріледі. …
Анонс
Құрметті қызмет алушылар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2021 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында «Ашық диалог» алаңында онлайн нысанда сауалнама жүргізіп жатыр. Сауалнамаға белсенді түрде қатысуларыңызды сұраймыз.
“Qazaqstan arhivteri” журналының № 58 нөмірі оқырмандарына жол тартты. Бұл жолғы нөмір Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің 15 жылдық мерейтойына орайластырылып отыр.
Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде жақында тағайындалған Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Борашев Қуат Қахарманұлы болып, елорда төрінде орналасқан ұлтымыздың тәуелсіздік тарихын сақтаушы архивтің қызмет барысымен танысты. Қуат Қахарманұлы Ұлттық архивтің даму стратегиясындағы …
Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің жеке тектік қорлары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібековтың жеке құжаттарымен толығатын болды. Рәміздер мерекесі қарсаңында Елтаңба авторының өзі құнды құжаттарын Ұлттық архивке табыс ету мақсатында Жеке тектік құжаттармен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы Керімтаева Әсия …
Келелі кездесу
Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінде Орталық мемлекеттік архивінің директоры Сәбит Қамытбекұлы Шілдебай болды. Кездесу барысында архив ісінің дамуы мен болашағы жайында, архивтік құжаттарды цифрлы форматқа ауыстыру, ақпараттық технологиялар мен электронды архив жүйесі бойынша әріптестік орнату бойынша келелі сөз қозғалды. Кездесуден …