• Архив
    • Архив туралы
      • Архив тарихы
      • Басшылық
      • Бөлімдер
      • Кеңестер мен комиссиялар
    • Ынтымақтастық
    • Ғылыми кеңес
    • Әдістемелік кеңес
    • ⁠Ғылыми бағыт
    • Халықаралық қатынас
    • Біліктілікті арттыру орталығы
    • Мемлекеттік сатып алулар
    • Комплаенс қызметі
    • Вакансиялар
  • Жаңалықтар
  • Қорлар
    • Қорлар сипаттамасы
    • Архив-2025
  • Қызмет түрлері
    • Жинақтау көздері – ұйымдармен жұмыс
      • Жинақтау көздері – ұйымдар мен мекемелер тізімі
    • Жеке және заңды тұлғалармен жұмыс
      • Оқу залы
        • Оқу залында жұмыс істеу ережелері
        • Оқу залының жұмыс тәртібі
      • Мемлекеттік қызмет көрсету
    • Көрмелер
    • Жарияланымдар
      • «Қазақстан архивтері» журналы
      • Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің басылымдары
    • Байланыс
    • Сұрақ қою
    • Мерейтойлар және атаулы күндер күнтізбесі
    • Азаматтарды қабылдау
  • Нормативтер
  • Ақылы қызметтер
  • KZ
  • RU
  • EN
Қазақстан Респубикасының Ұлттық архивіҚазақстан Респубикасының Ұлттық архиві
Қазақстан Респубикасының Ұлттық архиві
  • Архив
    • Архив туралы
      • Архив тарихы
      • Басшылық
      • Бөлімдер
      • Кеңестер мен комиссиялар
    • Ынтымақтастық
    • Ғылыми кеңес
    • Әдістемелік кеңес
    • ⁠Ғылыми бағыт
    • Халықаралық қатынас
    • Біліктілікті арттыру орталығы
    • Мемлекеттік сатып алулар
    • Комплаенс қызметі
    • Вакансиялар
  • Жаңалықтар
  • Қорлар
    • Қорлар сипаттамасы
    • Архив-2025
  • Қызмет түрлері
    • Жинақтау көздері – ұйымдармен жұмыс
      • Жинақтау көздері – ұйымдар мен мекемелер тізімі
    • Жеке және заңды тұлғалармен жұмыс
      • Оқу залы
        • Оқу залында жұмыс істеу ережелері
        • Оқу залының жұмыс тәртібі
      • Мемлекеттік қызмет көрсету
    • Көрмелер
    • Жарияланымдар
      • «Қазақстан архивтері» журналы
      • Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің басылымдары
    • Байланыс
    • Сұрақ қою
    • Мерейтойлар және атаулы күндер күнтізбесі
    • Азаматтарды қабылдау
  • Нормативтер
  • Ақылы қызметтер

Жаңалықтар

  • Басты бет
  • Blog
  • Жаңалықтар
  • Жолдасбеков жолы

Жолдасбеков жолы

  • Автор ҚР Ұлттық архив
  • Айдар Жаңалықтар
  • Күні 27.05.2021
1  030
​Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің алғашқы жеке қор құрушысы, мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі ғалым, түрколог, жазушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Мырзатай Жолдасбековтың туған күні.
​Атағы Алатаудай биік ағамыз сексеннің төртіндегі сеңгірде сергек қалпымен, биік тұлғасымен, абыройлы атағымен асқақ көрінеді.
​Жыр алыбы Жамбылдың атымен аталатын облыстағы Талас ауданы, Ақтөбе ауылында өмірге келген тұлға 17 ақ жасында Ақкөл аудандық кеңесінің хатшысы болып қызмет атқарып, үлкен де күрделі өмір жолын бастаған. ҚазМУ-ді үздік бітіріп, университеттегі қазақ әдебиеті кафедрасында ассисент, аспирант, аға оқытушы, доцент, филология факультетінің деканы, Талдықорған педагогика институның ректоры сияқты сатылармен біртіндеп жоғары көтеріле түсіп биіктерді бағындырды. Аянбай еткен еңбек, төккен ащы тері мен елге деген үлкен жүрек, сүйіспеншіліктің арқасында тіпті де шарықтай түсіп, Қазақстанның білім министрі, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінде бөлім меңгерушісінің бірінші орынбасары, бөлім меңгерушісі, Қазақстанның Мемлекет кеңесшісі дәрежесіне дейін көтерілді.
​Тәуелсіздіктің басынан бастап тәжірибелі де білікті тұлға ел ісіне белсене араласып, Мемлекеттің қалыптасуы жолында жемісті еңбек етті. 1991-1993 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-минстрінің орынбасары қызметін атқарып, ел дамуына үлесін қосты. Атқарған адал қызметі, жоғары біліктілігі үшін 1993-1997 жылдары аралығында Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі сынды жауапты қызмет істеді, кейін елге оралып Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жанындағы Дипломатиялық академияның ректоры болды. 2000-2006 жылдары Еуразия ұлттық университетінің ректоры қызметін атқарды.
​Ұзақ та күрделі қызмет жолдары бұнымен тоқтап қалмайды, ел ісіне бел шешіп кіріскен М. Жолдасбеков Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығының директоры болды. Жылдан жылға өсе түскен тұлғаның ел мен жер, ұлт пен тарих үшін сіңірген еңбегі ұшан теңіз. Қазақ әдебиетін зерттеп, Жамбыл Жабаев шығармашылығын танытуға мол үлесін қосты, Түрік қағанаты дәуіріндегі Орхон-Енисей ескерткішіндегі жазбаларды көптеген ғалымдардың арасынан алғашқылардың бірі болып жаңаша зерделеп, қазақ тіліндегі аудармасын жасап шықты және ғылыми айналымға енгізді.
​М. Жолдасбековтың Ұлттық архив қоймасында сақталған жеке қоры болашақ ұрпақтың тәлім-тәрбие алуына, зерттеп-зерделеуіне, үлгі алуына таптырмас қазына болып табылады.
​Қазақстан Республикасы Ұлттық архив ұжымы осы шағын жазбамызда Жолдасбековтың өмір жолын шолып өту арқылы жеке қор иесін мамырдың мамыражай шағына тұспа-тұс келген 84 жас туған күнімен құттықтап, ұзақ ғұмыр мен зор денсаулық тілейді және «Ел ағасы болып аман жүре беріңіз, қара ормандай халқыңызды өрлік пен ерлікке, рух пен сенімді жаңашылдыққа бастай беріңіз!»- деген тілегін білдіреді.
author avatar
ҚР Ұлттық архив

Previous post

«Ведомстволық архивтерде құжаттарды ретке келтіру, сақтау, пайдалану және оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық архивіне тапсыру мәселелері» семинары өтті
27.05.2021

Next post

Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры Сағила Есімсейітқызы Нұрланованың туған күні!
28.05.2021

СІЗГЕ ҰНАУЫ МҮМКІН

1200_0_9P7NTipCZ2QfjVCqTxRfhXsSqUK3X7zhxVFGrsN9
Қаламгерлердің архивтегі мұрасы қалай сақталады?
26 Ақпан, 2026
WhatsApp Image 2026-02-26 at 09.11.30
Ұлттық архивте маңызды кездесу өтті
25 Ақпан, 2026
WhatsApp Image 2026-02-19 at 16.47.44
Ұлттық архивте жұмыс кеңесі өтті
19 Ақпан, 2026

Іздеу

Соңғы жазбалар

  • Қаламгерлердің архивтегі мұрасы қалай сақталады?
  • Ұлттық архивте маңызды кездесу өтті
  • Ұлттық архивте жұмыс кеңесі өтті
  • Аида Балаева мәдениет және ақпарат салаларын жаңғыртудың басым бағыттарын белгіледі
  • Ұлттық архивте Шерхан Мұртазаның шығармашылық мұрасына арналған дөңгелек үстел өтті

Қаралым

  • Басты бет - 156  670 Просмотры
  • Қорлар сипаттамасы - 25  156 Просмотры
  • Рухани келісім күні - 18  227 Просмотры
  • Мерейтойлар және атаулы күндер күнтізбесі - 15  649 Просмотры
  • Руководство - 12  554 Просмотры
  • АҚЫЛЫ ҚЫЗМЕТТЕР - 12  215 Просмотры
  • История Архива - 11  700 Просмотры
  • Оқу залында жұмыс істеу ережелері - 8  770 Просмотры
  • Қазақстан Республикасының #154 қаулысы - 8  191 Просмотры
  • Бөлімдер - 8  029 Просмотры

logo-eduma-the-best-lms-wordpress-theme

+7 (7172) 44 62 78

info@kazarhiv.kz

Посмотреть на карте Астаны

Фотографии компании
Найти проезд до Национальный архив РК, Министерство культуры и спорта РК

Деректемелер:

Қазақстан Республикасы
Ұлттық архивінің координаттары:
010000, Астана қаласы.
«Нұржол» желекжолы, 12
тел.факс: 8 (7172) 446280
Қазақстан Республикасы
Ұлттық архивінің жұмыс уақыты:
дүйсенбі-жұма - сағ. 09.00-18.00,
үзіліс - сағ. 13.00-14.00
сенбі, жексенбі - демалыс күндер.

© 2026 Қазақстан Респубикасының Ұлттық архиві

Яндекс.Метрика