• ARCHIVE
    • About the archive
      • Archive History
      • Guide
      • Sections
      • Tips and commissions
    • Constituent documents
    • Cooperation
    • Scientific board
    • Methodical board
    • Research direction
    • International relations
    • Professional development center
    • Public procurement
    • Compliance service
    • Vacancies
  • NEWS
  • FUNDS
    • Description of collections
    • Archive – 2025
  • ACTIVITIES
    • Working with recruitment source organizations
      • List of organizations and institutions that are sources of recruitment
    • Working with individuals and legal entities
      • Reading room
        • Rules for working in the reading room
        • Working hours of the reading room
      • Public service delivery
    • Exhibitions
    • Publications
      • Archives of Kazakhstan Magazine
      • Publications of the National Archive of the Republic of Kazakhstan
    • Communications
    • Ask a question
    • Calendar of anniversaries and memorable dates
    • Reception of citizens
  • STANDARDS
  • PAID SERVICES
  • QAZ
  • RUS
  • ENG
National Archive of the Republic of KazakhstanNational Archive of the Republic of Kazakhstan
National Archive of the Republic of Kazakhstan
  • ARCHIVE
    • About the archive
      • Archive History
      • Guide
      • Sections
      • Tips and commissions
    • Constituent documents
    • Cooperation
    • Scientific board
    • Methodical board
    • Research direction
    • International relations
    • Professional development center
    • Public procurement
    • Compliance service
    • Vacancies
  • NEWS
  • FUNDS
    • Description of collections
    • Archive – 2025
  • ACTIVITIES
    • Working with recruitment source organizations
      • List of organizations and institutions that are sources of recruitment
    • Working with individuals and legal entities
      • Reading room
        • Rules for working in the reading room
        • Working hours of the reading room
      • Public service delivery
    • Exhibitions
    • Publications
      • Archives of Kazakhstan Magazine
      • Publications of the National Archive of the Republic of Kazakhstan
    • Communications
    • Ask a question
    • Calendar of anniversaries and memorable dates
    • Reception of citizens
  • STANDARDS
  • PAID SERVICES

News

  • Home
  • Blog
  • News
  • Халықаралық дөңгелек үстел өтті

Халықаралық дөңгелек үстел өтті

  • Posted by ҚР Ұлттық архив
  • Categories News
  • Date 17.05.2020
2,032
  • Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві және М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалы бірлесіп
  • онлайн режимде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Казахстан в годы Великой Отечественной войны 1941-1945 гг.: историческая память и вызовы современности» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстелін өткізді.

Дөңгелек үстелдің басты мақсаты 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың рөлі мен үлесін талқылау, Ұлы Отан соғысындағы жеңістің тарихи маңызын түсіну, тарихи шындықты сақтау және Ұлы Отан соғысы туралы ғылыми деректерді жас ұрпаққа жеткізу болды

Халықаралық онлайн-диалог жұмысы дөңгелек үстелдің модераторлары – М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Қазақстандық филиалының директоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор А.В. Сидорович және Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры Ә.Т. Жоламановтың кіріспе сөздерімен ашылды.

Халықаралық дөңгелек үстелге қазақстандық және ресейлік ғалымдар қатысты, атап айтсақ: Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің құжаттарды пайдалануды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Мушкенова С.Н., әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Ахметова Л.С., Томск Ұлттық мемлекеттік зерттеу университеті Тарихи және саяси ғылымдар факультеті орыс тарихы кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы, Ресей Федерациясы Жоғары мектебінің құрметті қызметкері, ТМУ құрметті профессоры Зиновьев В.П., Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің бас сарапшысы Чиликова Е.В., тарих ғылымдарының докторы, Абай атындағы ҚазҰПУ академик Т.С. Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Жанғұттин Б.О., Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті Этномәдени және тарихи антропологиялық зерттеулер орталығының директоры, тарих ғылымдарының докторы Сақтағанова З.Г., Қазан Ұлттық зерттеу технологиялық университеті мемлекеттік және муниципалды басқару және әлеуметтану кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Суслов А.Ю., Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті Археология, этнология және орыс тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Абдрахманова К.К., М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Қазақстандық филиалының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Ермекбай Ж.А., М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстандық филиалының профессоры Аязбекова С.Ш., М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстандық филиалы директорының орынбасары, тарих ғылымдарының докторы, профессор Оразбаева А.И., М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстандық филиалының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Мәжитова Ж.С., М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстандық филиалының Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі Әбділдина Р.Ж. және т.б.
Халықаралық дөңгелек үстел барысында Ұлы Отан соғысының тарихын түсінудің әртүрлі мәселелеріне қатысты тақырыптағы баяндамалар ұсынылды, мысалы: Ұлы Отан соғысына қазақстандық жауынгерлердің қатысуы (ҚР Ұлттық архивінің құжаттары бойынша), 1941-1942 жж. Мәскеу түбіндегі шайқастағы қазақстандық панфиловшылардың өлмес ерлігі, Ұлы Отан соғысы туралы мифтер мен Қазақстанның 1941-1945 жылдардағы әскери-өнеркәсіптік кешенінің қызметі мен құрылуы мәселелері, 1941-1943 жылдары Қазақстанға эвакуацияланған халықтың бейімделу тәжірибесі, Қазақстанның әйелдері Ұлы Отан соғысының майдандарындағы ерліктері, 1941-1943 жылдары Чистополь мен Елабугаға жазушыларды эвакуациялау, Қарағанды Ұлы Отан соғысы жылдарындағы майданның тыл базасы болуы, Қазақстанға эвакуацияланған КСРО Ғылым академиясы және басқа да ғылыми мекемелер ғалымдарының ғылыми және білім беру қызметі, Соғыс кезіндегі Қазақстанның мәдениеті, Соғыс онтологиясы, Ұлы Отан соғысы және халықтар достығы.

Онлайн режимінде өткен халықаралық дөңгелек үстел жұмысын қорытындылай келе, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Қазақстандық филиалының директоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор А. Сидорович және Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры Ә.Жоламанов қатысушыларға мазмұнды баяндамалары, қызықты және жемісті пікір алмасулары үшін алғыстарын білдірді.

author avatar
ҚР Ұлттық архив

Previous post

Дезинфекциялық жұмыстар
17.05.2020

Next post

Мәдениет және өнер қызметкерлері күні
22.05.2020

You may also like

WhatsApp Image 2026-06-19 at 15.04.39
A Scholar’s Legacy Added to the National Archives
19 June, 2026
WhatsApp Image 2026-06-12 at 17.49.59 (1)
A Seminar on the Use of Restricted Distribution Documents Was Held at the National Archives
12 June, 2026
WhatsApp Image 2026-06-12 at 15.36.29 (1)
Representatives of the National Archives of Singapore Visited the National Archives of Kazakhstan
12 June, 2026

Search

Recent Posts

  • A Scholar’s Legacy Added to the National Archives
  • A Seminar on the Use of Restricted Distribution Documents Was Held at the National Archives
  • Representatives of the National Archives of Singapore Visited the National Archives of Kazakhstan
  • Participants of the International Congress of Archivists Visited the National Archives
  • Delegation of the Sultanate of Oman Visited the National Archives

logo-eduma-the-best-lms-wordpress-theme

+7 (7172) 44 62 78

info@kazarhiv.kz

Посмотреть на карте Астаны

Фотографии компании
Найти проезд до Национальный архив РК, Министерство культуры и спорта РК

Requisites:

Coordinates of the National Archive
of the Republic of Kazakhstan:
010000, Astana.
Boulevard Nurzhol, 12
tel. fax: 8 (7172) 446280
Қазақстан Республикасы
opening hours of the National Archive of the Republic of Kazakhstan
Monday - Friday 09.00 - 18.00,
break - one hour. 13.00-14.00
Saturday, Sunday - days off.

© 2026 National Archive of the Republic of Kazakhstan

Яндекс.Метрика