• ARCHIVE
    • About the archive
      • Archive History
      • Guide
      • Sections
      • Tips and commissions
    • Cooperation
    • Scientific board
    • Methodical board
    • Research direction
    • International relations
    • Professional development center
    • Public procurement
    • Compliance service
    • Vacancies
  • NEWS
  • FUNDS
    • Description of collections
    • Archive – 2025
  • ACTIVITIES
    • Working with recruitment source organizations
      • List of organizations and institutions that are sources of recruitment
    • Working with individuals and legal entities
      • Reading room
        • Rules for working in the reading room
        • Working hours of the reading room
      • Public service delivery
    • Exhibitions
    • Publications
      • Archives of Kazakhstan Magazine
      • Publications of the National Archive of the Republic of Kazakhstan
    • Communications
    • Ask a question
    • Calendar of anniversaries and memorable dates
    • Reception of citizens
  • STANDARDS
  • PAID SERVICES
  • KZ
  • RU
  • EN
National Archive of the Republic of KazakhstanNational Archive of the Republic of Kazakhstan
National Archive of the Republic of Kazakhstan
  • ARCHIVE
    • About the archive
      • Archive History
      • Guide
      • Sections
      • Tips and commissions
    • Cooperation
    • Scientific board
    • Methodical board
    • Research direction
    • International relations
    • Professional development center
    • Public procurement
    • Compliance service
    • Vacancies
  • NEWS
  • FUNDS
    • Description of collections
    • Archive – 2025
  • ACTIVITIES
    • Working with recruitment source organizations
      • List of organizations and institutions that are sources of recruitment
    • Working with individuals and legal entities
      • Reading room
        • Rules for working in the reading room
        • Working hours of the reading room
      • Public service delivery
    • Exhibitions
    • Publications
      • Archives of Kazakhstan Magazine
      • Publications of the National Archive of the Republic of Kazakhstan
    • Communications
    • Ask a question
    • Calendar of anniversaries and memorable dates
    • Reception of citizens
  • STANDARDS
  • PAID SERVICES

News

  • Home
  • Blog
  • News
  • Тұңғыш Президент күні құтты болсын!

Тұңғыш Президент күні құтты болсын!

  • Posted by ҚР Ұлттық архив
  • Categories News
  • Date 30.11.2020
2,129
Құрметті қазақстандықтар!
Сіздерді Қазақстан Республикасы Ұлттық архиві ұжымының атынан Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл күн еліміздің әрбір азаматы үшін тарихи маңызы зор, ерекше қуаныш пен мерейлі мақтанышқа толы күн болуы тиіс. Өйткені дәл осы күні, сонау 1991 жылдың 1 желтоқсанында алғаш рет Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтіп, ол сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел Президенті болып сайланған болатын. Содан бері сынаптай сырғыған уақыт пен зымырай жүйткіген замана желі тарих толқынында толассыз жүзген Тәуелсіз Қазақ елін талай жетістікке жеткізіп, толайым табыстарға кенелтті.
Бұл сапарда, әрине, Мемлекет басшысы, Ұлт көшбасшысы ретінде халыққа қалтқысыз қызмет еткен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еткен еңбегі мен төккен тері ұшан-теңіз екеніне ешкім дау айта алмайды.
Елбасының ерен ерлігі ретінде тәуелсіздіктің елең-алаңында тәй-тәй басқан жас мемлекеттің шекарасын шегендеп, территориясын тұтастап, тарихи көршілермен де, алыс-жақын шетелдермен де терезесі тең, керегесі кең әріптестік қарым-қатынас орнатқанын айтпай кетуге болмайды.
Әлемдік аренада әркімге алақан жаймау үшін, экономикамыздың еңсесін көтеріп, ұлттық қорымыздың орнын толтыру үшін төл теңгемізді шығаруда да Елбасының қажырлы қайраты мен қарымды қолдарының табы жатыр.
Сарыарқаның сайын даласына еліміздің еңселі Ақордасын тігіп, халқымыздың арайлы Астанасын қондыруы да екінің бірі жүрегі дауалап, батылы жетіп бара алатын іс емес еді. Алайда көреген көсем кейбір керітартпа пікірлерге бой алдырмай, айтқанын істеді, арманын орындады! Бүгінде еліміздің әсем Елордасы қазақтың кең даласында, ерке Есілдің жасыл жағасында күннен-күнге құлпырып, жайнап келеді.
Сол әсем қаланың ғажайып ғимараттары да, салтанатты сарайлары да, тамаша театрлары мен керемет кешендері де, бәрі-бәрі Елбасының ерік-жігерімен егіліп, Елбасының күш-қайратымен көктеді, халықтың маңдай терімен бүршік жарып, халықтың ізгі ниетімен жайқала өсті.
Осы тұста Нұрсұлтан Назарбаевтың тағы бір еңбегі – саяси аренадағы беделінің арқасында жер шарының түкпір-түкпірінен инвесторлар тартып, қазақ еліне қаржының құйылуын қамтамасыз етті. Сол қаржының көмегімен көтерілген көрікті ғимараттар бүгінде ел игілігіне қызмет етуде.
Елорданың Есіл жағасына жайғасуымен еліміздің екінші тынысы ашылды! Елбасының шақыртуымен аузы дуалы, сөзі уәлі әлемдік дінбасылар мен абыз-ақсақалдары да Нұр-Сұлтан шаһарына ат басын тіреп, ақ адал тілектері мен құсни дұғаларын арнады. Қаншама ұлттар мен ұлыстарды дініне қарамай, діліне қарамай, іркіттей ірітіп жібермей, айрандай ұйытып отырған аялы ұядай болған Қазақстан күллі дінбасылардың келелі мәселе көтеріп, риясыз ымыраға келетін күлтөбесіне айналды.
Әлемдік саясатта айтқаны айдай келетін, болжағаны бұлжымай орындалатын мүйізі қарағайдай саясат серкелері де дәл осы Сарыарқа төрінде бас қосып, Еуразия ынтымақтастық ұйымының саммитін өткізді. Бұл да болса Елбасының сол арыстар арасындағы абыройының айдарынан жел есіп тұрғанының айғағы емес пе?!
Дүниенің дидарын бері бұрып, әлемді еліктіріп EXPO да өтті Елордада. Бұл да Тұңғыш Президенттің күн демей, түн демей, дамылсыз еткен еңбегінің арқасында іске асқан ірі жоба болды. Шартараптан жиналған сансыз турист Қазақстанның да осындай әлемдік деңгейдегі көрмені өткізе алатынына көз жеткізді, көңіл сендірді.
Бүгінде Нұр-Сұлтан шаһары еліміздің әр өңірінен әрі білімді, әрі өнерлі өрендерді жинап, жастар қаласына айналды. «Қына – тасқа, ақыл – жасқа бітеді» дегендей, олар өз кезегінде еліміздің мәдени өміріне де өлшеусіз үлес қосып, ықылым замандардан бүгінге жеткен ұлттық мәдениетті бір қазанда қайнатып, көркемдік көкжиегін кеңейте түсуде.
Айта берсе, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың елге сіңірген еңбегі, халыққа тигізген пайдасы таңды таңға ұруға, күнді күнге жалғауға жетеді. Тәу етер тәуелсіздік алғалы Қазақстан жеткен жетістіктердің ешқайсысын Елбасының еңбегімен ұштастырмай айтуға келмейді. Тұңғыш Президент күні дегенде осы оқиғалардың еске түсетіні де сондықтан!
Біз, Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің ұжымы осы айтулы мерекеде Ұлттық архивтің де Елбасы тағдырымен тығыз байланысты екеніне ерекше қуанамыз. Себебі Елорданың символына айналған Бәйтеректің дәл іргесіндегі Ұлттық архив ғимараты Тұңғыш Президенттің 2002 жылғы 12 желтоқсандағы шешімімен іргетасы қаланып, еліміздегі негізгі архивтердің біріне айналған болатын.
Н. Назарбаев 2005 жылы мекемеге арнайы келіп, тарих парақтарын хатқа түсіріп, мәңгіге сақтайтын ұлы миссиямызға сәттілік тілеп, ақ батасын берген.
Міне, осындай жауапкершілігі мол мұратты арқалаған Ұлттық архив ұжымы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнінің маңызы мен мәнін болашақ ұрпаққа аманаттап жеткізуді өзінің бір міндеті деп түсінеді.
Сіздерді осынау мерейлі мерекемен тағы да құттықтай келе, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, елімізге бақ-береке, жерімізге ырыс-құт тілейміз!
ulttykarhiv.kz
author avatar
ҚР Ұлттық архив

Previous post

«Электронды құжатайналым және мұрағаттар» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. (Астана қ., 7 қараша 2007 ж.)
30.11.2020

Next post

Сараптау-тексеру комиссиясының отырысы
03.12.2020

You may also like

1200_0_9P7NTipCZ2QfjVCqTxRfhXsSqUK3X7zhxVFGrsN9
Қаламгерлердің архивтегі мұрасы қалай сақталады?
26 February, 2026
WhatsApp Image 2026-02-26 at 09.11.30
Important Meeting Held at the National Archives
25 February, 2026
WhatsApp Image 2026-02-19 at 16.47.44
Working Meeting Held at the National Archive
19 February, 2026

Search

Recent Posts

  • Қаламгерлердің архивтегі мұрасы қалай сақталады?
  • Important Meeting Held at the National Archives
  • Working Meeting Held at the National Archive
  • An expanded meeting of the Ministry’s Board was held in Astana.
  • Roundtable dedicated to the creative legacy of Sherkhan Murtaza held at the National Archive

logo-eduma-the-best-lms-wordpress-theme

+7 (7172) 44 62 78

info@kazarhiv.kz

Посмотреть на карте Астаны

Фотографии компании
Найти проезд до Национальный архив РК, Министерство культуры и спорта РК

Requisites:

Coordinates of the National Archive
of the Republic of Kazakhstan:
010000, Astana.
Boulevard Nurzhol, 12
tel. fax: 8 (7172) 446280
Қазақстан Республикасы
opening hours of the National Archive of the Republic of Kazakhstan
Monday - Friday 09.00 - 18.00,
break - one hour. 13.00-14.00
Saturday, Sunday - days off.

© 2026 National Archive of the Republic of Kazakhstan

Яндекс.Метрика