• ARCHIVE
    • About the archive
      • Archive History
      • Guide
      • Sections
      • Tips and commissions
    • Cooperation
    • Scientific board
    • Methodical board
    • Research direction
    • International relations
    • Professional development center
    • Public procurement
    • Compliance service
    • Vacancies
  • NEWS
  • FUNDS
    • Description of collections
    • Archive – 2025
  • ACTIVITIES
    • Working with recruitment source organizations
      • List of organizations and institutions that are sources of recruitment
    • Working with individuals and legal entities
      • Reading room
        • Rules for working in the reading room
        • Working hours of the reading room
      • Public service delivery
    • Exhibitions
    • Publications
      • Archives of Kazakhstan Magazine
      • Publications of the National Archive of the Republic of Kazakhstan
    • Communications
    • Ask a question
    • Calendar of anniversaries and memorable dates
    • Reception of citizens
  • STANDARDS
  • PAID SERVICES
  • KZ
  • RU
  • EN
National Archive of the Republic of KazakhstanNational Archive of the Republic of Kazakhstan
National Archive of the Republic of Kazakhstan
  • ARCHIVE
    • About the archive
      • Archive History
      • Guide
      • Sections
      • Tips and commissions
    • Cooperation
    • Scientific board
    • Methodical board
    • Research direction
    • International relations
    • Professional development center
    • Public procurement
    • Compliance service
    • Vacancies
  • NEWS
  • FUNDS
    • Description of collections
    • Archive – 2025
  • ACTIVITIES
    • Working with recruitment source organizations
      • List of organizations and institutions that are sources of recruitment
    • Working with individuals and legal entities
      • Reading room
        • Rules for working in the reading room
        • Working hours of the reading room
      • Public service delivery
    • Exhibitions
    • Publications
      • Archives of Kazakhstan Magazine
      • Publications of the National Archive of the Republic of Kazakhstan
    • Communications
    • Ask a question
    • Calendar of anniversaries and memorable dates
    • Reception of citizens
  • STANDARDS
  • PAID SERVICES

News

  • Home
  • Blog
  • News
  • «Ақмоладан… – Нұр-Сұлтанға дейін»

«Ақмоладан… – Нұр-Сұлтанға дейін»

  • Posted by ҚР Ұлттық архив
  • Categories News
  • Date 14.12.2021
1,468
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында 2021 жылғы 14 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Ұлттық архиві Нұр-Сұлтан қаласының Есіл Ауданының Әкімдігі мен бірлесіп «Архив-2025» жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың кешенді жоспары негізінде дайындалған «Ақмоладан… – Нұр-Сұлтанға дейін» («От Акмолинска… – до Нур-Султана») деп аталатын Қазақстанның астанасы туралы фотоальбомның тұсаукесерін өткізді. Онда еліміздің бас қаласының тарихы құрылған сәтінен бастап бүгінгі күнге дейін фотосуреттерде көрсетілген.
Фотоальбомда Ұлттық архив қорларынан, сондай-ақ Премьер-Министрдің жеке фотографы Шүкір Шахайдың, Орынбай Балмұрат («Егемен Қазақстан»), Игорь Бургандинов («Казахстанская правда») сынды фототілшілер, фотосуретші Владимир Куриловтің жеке архивтерінен алынған бірегей фотосуреттер пайдаланылды.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Қуат Бораш фотоальбомның маңыздылығына тоқталды.
– Тәуелсіз Қазақстанның ең үлкен жетістіктерінің бірі – елордамыз бой көтеріп, бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы әлемге әйгілі болып отыр. Бүгінгі тұсауы кесіліп отырған фотоальбомда елорданың қалай басталғанынан қазіргі күнге дейінгі барлық сәттері көрініс тапқан, – деп атап өтті Қуат Қаһарманұлы.
Есіл ауданы әкімінің орынбасары Дәрменияр Қыдырбек-ұлы Нұр-Сұлтан қаласының аз ғана уақытта әлем астаналарының біріне айналғанын тілге тиек етті.
– Бүгінгі фотокөрмеде біздің әрқайсымыз болған трансформацияның ауқымына көз жеткізе аламыз. Біздің елордамыз еліміздің тыныс-тіршілігінің индикаторы болып табылады. Ал Нұр-Сұлтан қаласы рекордтық қысқа мерзімде мемлекеттің бет-бейнесі ғана емес, сондай-ақ халықаралық қоғамдастықтың саяси және экономикалық күштерін одан әрі дамытуды айқындайтын орталыққа айналды, – деп түйіндеді Дәрменияр Қыдырбек-ұлы.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбай да өз кезегінде фотоальбомның маңыздылығына тоқталып өтті.
– Кез келген дамыған елде ең бірінші архив құжаттары үлкен маңызға ие. Сондықтан да бүгінгі фотоальбомның ішіндегі әрбір сурет, әрбір құжат ертеңгі күні үлкен маңызға ие болады, – деді Д. Мыңбай.
Іс-шара барысында ҚР Ұлттық архивінің директоры Сағила Нұрланова фотоальбомды құрастыруға қатысқан барлық фототілшілер мен құрастырушыларға алғысын білдірді.
– Биыл 30 жыл толып отырған Тәуелсіздігімізді тұғырға қондыруда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі зор. Егемендік пен Елбасы егіз ұғым. Елордамызды ерке Есіл жағасына қондырып, өз еркімізбен Ақордамызды тігуіміз сол Егемендіктің жемісі. Бұл фотоальбом сол ерен ерлік жолындағы еліміздің жүріп өткен сапарын көрсететін құнды құжат болмақ, – деп атап өтті Сағила Есімсейітқызы.
Шараға Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттары мен Мәдениет және спорт министрлігі өкілдері, Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің Ғылыми кеңесі мүшелері, белгілі тарихшы-ғалымдар, фототілшілер мен архив қызметкерлері қатысты.
Сонымен қатар фотоальбом тұсаукесері барысында қазақстандық фототілші, өлкетанушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері Нұрмұхамат Имамовтың, «Казахстанская правда» газетінің фототілшісі Игорь Бургандинов және «Айқын» газетінің фототілшісі Радмир Фахрутдиновтың фотосуреттерінен көрме ұйымдастырылды.
Басылым ғылыми-практикалық сипатқа ие және барша оқырман қауымға арналған.
author avatar
ҚР Ұлттық архив

Previous post

Егемен елдің Елтаңбасы
14.12.2021

Next post

Ұлттық архивте оқыту орталығы ашылды
20.12.2021

You may also like

1200_0_9P7NTipCZ2QfjVCqTxRfhXsSqUK3X7zhxVFGrsN9
Қаламгерлердің архивтегі мұрасы қалай сақталады?
26 February, 2026
WhatsApp Image 2026-02-26 at 09.11.30
Important Meeting Held at the National Archives
25 February, 2026
WhatsApp Image 2026-02-19 at 16.47.44
Working Meeting Held at the National Archive
19 February, 2026

Search

Recent Posts

  • Қаламгерлердің архивтегі мұрасы қалай сақталады?
  • Important Meeting Held at the National Archives
  • Working Meeting Held at the National Archive
  • An expanded meeting of the Ministry’s Board was held in Astana.
  • Roundtable dedicated to the creative legacy of Sherkhan Murtaza held at the National Archive

logo-eduma-the-best-lms-wordpress-theme

+7 (7172) 44 62 78

info@kazarhiv.kz

Посмотреть на карте Астаны

Фотографии компании
Найти проезд до Национальный архив РК, Министерство культуры и спорта РК

Requisites:

Coordinates of the National Archive
of the Republic of Kazakhstan:
010000, Astana.
Boulevard Nurzhol, 12
tel. fax: 8 (7172) 446280
Қазақстан Республикасы
opening hours of the National Archive of the Republic of Kazakhstan
Monday - Friday 09.00 - 18.00,
break - one hour. 13.00-14.00
Saturday, Sunday - days off.

© 2026 National Archive of the Republic of Kazakhstan

Яндекс.Метрика