«Мектепке жол» акциясы

🎒 Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің ұжымы жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында дәстүрлі түрде «Мектепке жол» акциясы аясында жеті архив қызметкерлерінің мектепке алғашқы қадам жасаған балаларын құттықтауды және қайырымдық жасауды дәстүрге айналдырған.
🗓️27 тамыз күні осы дәстүр жалғасын тауып, Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры Сағила Есімсейітқызы, директордың орынбасары Тұрсынгүл Жағыпарқызы мен Сәуле Несіпбайқызы білім ордасының есігін алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндерді өмірлеріндегі ең маңызды оқиғамен құттықтап, ақ жол тілеп, қажетті оқу құралдары бар сөмкелерді салтанатты түрде табыс етті.
📚«Тарыдай боп кіріп, таудай болып шығатын» еліміздің болашақтары алған сыйларына қуанып, мәре-сәре болды. Балалықтың бал дәмін татып, «Білім» атты теңіздің «Мектеп» атты кемесіне алғаш рет қадам басқан әрбір балақайға сәттілік тілейміз!