«Ұйымда ғылыми – техникалық құжаттаманы сақтауды, толықтыруды, есепке алуды және пайдалануды ұйымдастыру» семинары

2025 жылғы 9-10 қазан күндері ҚР Ұлттық архивінің Мемлекеттік және ведомстволық архив қызметкерлерінің біліктілігін арттыру орталығы, Алматы қаласындағы Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің базасында «Ұйымда ғылыми – техникалық құжаттаманы сақтауды, толықтыруды, есепке алуды және пайдалануды ұйымдастыру» атты оқу семинары өтті.
Семинарға Батыс Қазақстан облысы, Түркістан облысы, Жамбыл облысы, Алматы қаласының мемлекеттік архивтері мен ұйымдарының архивист мамандары қатысты.
ҚР Ұлттық архивінің Мемлекеттік және ведомстволық архив қызметкерлерінің біліктілігін арттыру орталығының бөлім басшысы Хайруллина Гаухар Әлімқызы мен Ұлттық архив қорын қалыптастыру бөлімінің жоғары білікті маман – архивисі Иргашева Нұрсұлу Сайдуллақызы қатысты. Мамандар «Құрылымдық бөлімшелерде құжаттарды қалыптастыру, ресімдеу жедел сақтау және ведомстволық архивке тапсыру» тақырыбында, Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві: «Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру», «Ұйымның сараптамалық комиссиясы, құрамы, қалыптастыру тәртібі, негізгі функциялары және «Ведомстволық архивтердегі істерді қалыптастыру: істер номенклатурасынан архивтік тізімдемеге дейін», «Ғылыми-зерттеу құжаттамасы: құжаттарды дайындау және мемлекеттік архивке тапсыру», «Мемлекеттік және ведомстволық архивтер құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету мәселелері» тақырыбында дәріс оқып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.