• Архив
    • Архив туралы
      • Архив тарихы
      • Басшылық
      • Бөлімдер
      • Кеңестер мен комиссиялар
    • Ынтымақтастық
    • Ғылыми кеңес
    • Әдістемелік кеңес
    • ⁠Ғылыми бағыт
    • Халықаралық қатынас
    • Біліктілікті арттыру орталығы
    • Мемлекеттік сатып алулар
    • Комплаенс қызметі
    • Вакансиялар
  • Жаңалықтар
  • Қорлар
    • Қорлар сипаттамасы
    • Архив-2025
  • Қызмет түрлері
    • Жинақтау көздері – ұйымдармен жұмыс
      • Жинақтау көздері – ұйымдар мен мекемелер тізімі
    • Жеке және заңды тұлғалармен жұмыс
      • Оқу залы
        • Оқу залында жұмыс істеу ережелері
        • Оқу залының жұмыс тәртібі
      • Мемлекеттік қызмет көрсету
    • Көрмелер
    • Жарияланымдар
      • «Қазақстан архивтері» журналы
      • Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің басылымдары
    • Байланыс
    • Сұрақ қою
    • Мерейтойлар және атаулы күндер күнтізбесі
    • Азаматтарды қабылдау
  • Нормативтер
  • Ақылы қызметтер
  • KZ
  • RU
  • EN
Қазақстан Респубикасының Ұлттық архивіҚазақстан Респубикасының Ұлттық архиві
Қазақстан Респубикасының Ұлттық архиві
  • Архив
    • Архив туралы
      • Архив тарихы
      • Басшылық
      • Бөлімдер
      • Кеңестер мен комиссиялар
    • Ынтымақтастық
    • Ғылыми кеңес
    • Әдістемелік кеңес
    • ⁠Ғылыми бағыт
    • Халықаралық қатынас
    • Біліктілікті арттыру орталығы
    • Мемлекеттік сатып алулар
    • Комплаенс қызметі
    • Вакансиялар
  • Жаңалықтар
  • Қорлар
    • Қорлар сипаттамасы
    • Архив-2025
  • Қызмет түрлері
    • Жинақтау көздері – ұйымдармен жұмыс
      • Жинақтау көздері – ұйымдар мен мекемелер тізімі
    • Жеке және заңды тұлғалармен жұмыс
      • Оқу залы
        • Оқу залында жұмыс істеу ережелері
        • Оқу залының жұмыс тәртібі
      • Мемлекеттік қызмет көрсету
    • Көрмелер
    • Жарияланымдар
      • «Қазақстан архивтері» журналы
      • Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің басылымдары
    • Байланыс
    • Сұрақ қою
    • Мерейтойлар және атаулы күндер күнтізбесі
    • Азаматтарды қабылдау
  • Нормативтер
  • Ақылы қызметтер

Жаңалықтар

  • Басты бет
  • Blog
  • Жаңалықтар
  • ҚР Ұлттық архиві мен Османлы архивінің мүддесі – Түркі дүниесінің ортақ тарихы

ҚР Ұлттық архиві мен Османлы архивінің мүддесі – Түркі дүниесінің ортақ тарихы

  • Автор ҚР Ұлттық архив
  • Айдар Жаңалықтар
  • Күні 25.12.2020
1  277

Көк Түркінің атажұртында жаңа мемлекеттің іргесін қалаған Қазақстанның Тұңғыш Президенті түркі әлемінің ынтымақтастығына әу бастан айрықша мән беріп, бауырлас халықтарды түгендеп, үзіліп қалған алтын арқауды қайта жалғады. Сонау 90-шы жылдардан бері Түркітілдес мемлекеттердің алқалы басқосуларына ұйытқы болып, Түркі кеңесі, Түрксой, Түркі Ақсақалдар кеңесі, Халықаралық Түркі академиясы сынды іргелі ұйымдардың негізін қалауға белсене атсалысып, маңызды идеяларға басшы болды.

Тарих қойнауына тереңдеп енген әрбір ғасырдың, әрбір кезеңнің өзіндік маңызы және ерекшеліктерімен айқындалатын айтулы оқиғалары мен жылнамалары баршылық. Түп тарихы Ұлы Даламен тығыз байланысты болған түркі халықтарының шежіресі туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев: «Тәуелсіздік белестері» атты еңбегінде «Түркі көшпелілерінің әлем тарихында алар орны ерекше. Сан ғасырлар бойында түркілер құрған империялар, o баста жаугершіліктің арқасында дүниеге келгенімен бара-бара едәуір дәрежеде өркениетті рөл де атқарды» – деп көрсеткен. Аталмыш ойдың түп негізінде түркі халықтары мен мемлекеттері әлем тарихына бірқатар өзгерістер енгізіп, ірі өркениеттер құра білген деген ой жатқаны айтпаса да түсінікті.

Орта ғасырларда әлемдік империя дәрежесіне жеткен Осман империясы да түркілік мәдениет пен мұсылмандық өркениетті жоғары дәрежеде дамытқан мемлекет болды. Орта ғасырларда Еуропа, Азия және Африка континенттерінің басын құрап, Түркі әлемі мен Ислам дүниесінің ең қуатты мемлекеттердің бірі болған Осман империясының тарихы да Қазақстан тәуелсіздік алған уақыттан бастап отандық тарихнамада қолға алынған ғылыми зерттеу тақырыптарының бірі болды. Осы орайда, Осман империясының түп тарихы да Ұлы Тұран даласынан бастау алатын түркі мемлекеттерінің бірі ретінде әлем тарихында ерекше із қалдырды.

Әрбір елдің ұлт тарихының асыл қазынасын сақтайтын архив қорлары бар. Сол архив қорларының құжаттарында мемлекет пен қоғамның саяси, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми, мәдени қызметтерінің алуан аспектілері жан-жақты көрініс табады. Әрбір мемлекеттің өркениеттілік деңгейі естелік құжаттарын сақтаушы архивтерге деген көзқараспен айқындалады.

2008-2018 жылдар аралығында Ұлттық архив қызметкерлерінің Стамбул қаласына жасаған іс-сапарлары барысында Түркия Республикасының Орталық мемлекеттік архивімен (Осман архиві) өзара әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойылған.

Осылайша, Түркиямен архив саласындағы қарым-қатынасымыз нығая түсті. Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Нұр-Сұлтан қаласындағы Юнус Эмре атындағы мәдени орталығының қолдауымен Түркия Республикасы Үкіметіне қарасты Мемлекеттік архивтер басқармасының бас директоры, профессор Угур Үналдың қатысуымен Османлы архивінің таныстырылымы өтті. Іс-шара барысында Османлы мемлекеті мен Орта Азия хандықтарының қарым-қатынастарын баяндайтын, сонымен қатар қазақтардың Түркияға көшуіне қатысты құжаттар мен олардың көшірмелері:

– Қазақ ханы Қайып Мұхаммедке жолданған сұлтанның хатының көшірмесі (1713 жылғы 21 тамыз);

– Қазақ ханы Қайып Мұхаммед жолдаған он бөлек сый-сияпат тіркелген дәптердің көшірмесі (1713 жылғы 21 тамыз);

– Қазақ ханы Қайып Мұхамметтің елшісі Сейіт Мұхаммедқұл бей тапсырған хаттың аудармасының көшірмесі (1714 жыл 16 қаңтар);

– Қазақ ханы Қайып Мұхаммедтің  елшісі Мұхаммед құлдың ауызша сәлемінің қағазға түсірілген нұсқасы (1714 жылғы 16 қаңтар);

– Қазақ ханы Қайып Мұхаммедтен келген хаттың көшірмесі (хатта Османлы мемлекетінің шынайы досы екендері, әрдайым дұға ететіндері туралы жазылған, 1716 жылғы 14 желтоқсан);

– М. Лессардың Орта Азия саяхаты туралы «Central Asia No1» деп аталатын рапортының таныстырылымы (1883 жыл);

– Түркістан аймағының Берлинде басылған картасы (1862 жыл) тәрізді маңызды құжаттар Қазақстан Республикасының Ұлттық архивіне салтанатты түрде тапсырылды.

Осы орайда, TRT AVAZ халықаралық түрік телеарнасы ҚР Ұлттық архивінде сақтаулы тұрған Осман  империясы мен Қазақ хандығы арасында жазылған хаттарды зерттеу мақсатында арнайы түсірілімдер жасауды қолға алды. Бүгінде аталмыш хаттар ғылыми айналымға түсіп, қазақстандық ғалымдардың қызығушылығын тудырып отыр.

https://www.ulttykarhiv.kz/wp-content/uploads/2020/12/türkiye-kazakistan-i̇lişkileri-trt-avaz-haber-23.12.2020.mp4

Назарларыңызға TRT AVAZ халықаралық түрік телеарнасының Қазақстандағы өкілдігі аталған тақырып бойынша жасаған арнайы сюжетін ұсынып отырмыз.

 

ҚР Ұлттық архивінің директоры

Сағила Нұрланова

 

 

author avatar
ҚР Ұлттық архив

Previous post

Сараптау-тексеру комиссиясының отырысы өтті
25.12.2020

Next post

Ұлттық архив басшылығы қызметкерлерді мерекемен құттықтады
31.12.2020

СІЗГЕ ҰНАУЫ МҮМКІН

1200_0_9P7NTipCZ2QfjVCqTxRfhXsSqUK3X7zhxVFGrsN9
Қаламгерлердің архивтегі мұрасы қалай сақталады?
26 Ақпан, 2026
WhatsApp Image 2026-02-26 at 09.11.30
Ұлттық архивте маңызды кездесу өтті
25 Ақпан, 2026
WhatsApp Image 2026-02-19 at 16.47.44
Ұлттық архивте жұмыс кеңесі өтті
19 Ақпан, 2026

Іздеу

Соңғы жазбалар

  • Қаламгерлердің архивтегі мұрасы қалай сақталады?
  • Ұлттық архивте маңызды кездесу өтті
  • Ұлттық архивте жұмыс кеңесі өтті
  • Аида Балаева мәдениет және ақпарат салаларын жаңғыртудың басым бағыттарын белгіледі
  • Ұлттық архивте Шерхан Мұртазаның шығармашылық мұрасына арналған дөңгелек үстел өтті

Қаралым

  • Басты бет - 156  675 Просмотры
  • Қорлар сипаттамасы - 25  157 Просмотры
  • Рухани келісім күні - 18  227 Просмотры
  • Мерейтойлар және атаулы күндер күнтізбесі - 15  649 Просмотры
  • Руководство - 12  554 Просмотры
  • АҚЫЛЫ ҚЫЗМЕТТЕР - 12  215 Просмотры
  • История Архива - 11  701 Просмотры
  • Оқу залында жұмыс істеу ережелері - 8  770 Просмотры
  • Қазақстан Республикасының #154 қаулысы - 8  193 Просмотры
  • Бөлімдер - 8  029 Просмотры

logo-eduma-the-best-lms-wordpress-theme

+7 (7172) 44 62 78

info@kazarhiv.kz

Посмотреть на карте Астаны

Фотографии компании
Найти проезд до Национальный архив РК, Министерство культуры и спорта РК

Деректемелер:

Қазақстан Республикасы
Ұлттық архивінің координаттары:
010000, Астана қаласы.
«Нұржол» желекжолы, 12
тел.факс: 8 (7172) 446280
Қазақстан Республикасы
Ұлттық архивінің жұмыс уақыты:
дүйсенбі-жұма - сағ. 09.00-18.00,
үзіліс - сағ. 13.00-14.00
сенбі, жексенбі - демалыс күндер.

© 2026 Қазақстан Респубикасының Ұлттық архиві

Яндекс.Метрика