Ұлттық архивте «Мәдениет және инновация» форумы аясында архив ісіне арналған секция өтті

Астанада Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай өткен «Мәдениет және инновация» республикалық форумы бүгін өз жұмысын қорытындылады.
Үш күнге созылған ауқымды іс-шараға еліміздің барлық өңірінен мәдениет ұйымдарының өкілдері, халықаралық сарапшылар, бизнес қауымдастық мүшелері, креативті индустрия және технологиялық компаниялардың мамандары қатысты.
Форум аясында архив саласына арналған арнайы секция Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде өтті. Кездесу барысында архив ісін цифрландыру, мәдени мұраны сақтау, аудиовизуалды құжаттардың маңыздылығы және жасанды интеллект дәуіріндегі деректердің құндылығы мәселелері талқыланды. Кездесу барысында қатысушылар архив саласындағы заманауи технологиялар, цифрлық шешімдер және саланы дамытуға бағытталған жаңа бастамалар жөнінде пікір алмасып, тәжірибе бөлісті.
Жалпы форум аясында кітапхана, архив, музей ісі, мәдени-демалыс, театр және концерт ұйымдарына арналған бірқатар секциялар, панельдік сессиялар мен шеберлік сағаттары өтті. Қатысушылар мәдени жобаларды әзірлеу, сторителлингті дамыту, көпшілік алдында сөйлеу және ауқымды мәдени іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері бойынша тәжірибе жинақтады.
Форумның соңғы күнінде командалар өз жобаларын сарапшыларға таныстырып, өңірлерде жүзеге асырылатын үздік бастамалар анықталды.

