16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні
19

Бұл күн – ата-бабамыздың сан ғасыр бойы аңсаған асқақ арманы мен ақжарма тілегі орындалып, жарқын жасампаздық пен үкілі үміті үстем болып, егемен еліміздің еркін дамуына айқара жол ашқан – қасиетті де қастерлі күн. Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз болашаққа нық сеніммен қадам басып келеді. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты – азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау болды.
Тәуелсіз ел болу мәртебесін көру бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт.
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, мемлекетіміздің мерейі үстем, еліміздің егемендігі баянды болсын!