«Egemen Qazaqstan» газетіне 105 жыл
Құрметті «Егемен Қазақстан» газетінің редакциясы!
Қадірлі журналистер қауымы!
⚜️Алаш аманатын абыроймен арқалап, болашаққа бағдар болған «Егемен Қазақстан» газеті өз парақтарында тарих тағылымын дәуір үнімен, уақыт сынымен бейнелеп, кешегі мен бүгіннің арасын жалғап келеді.«Егемен Қазақстан» газеті алғаш рет 1919 жылы «Ұшқын» деген атпен оқырман назарына жол тартқан сәттен бері ел мүддесін қорғаудан еш ауытқыған емес.
📜Басылымның тарихы заманында ұлтымыздың ұстыны, халқымыздың мақтанышы болған Бернияз Күлеев, Смағұл Сәдуақасов, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Тұрар Рысқұлов, Ораз Жандосов, Ғабит Мүсірепов, Шерхан Мұртаза, Әбіш Кекілбаев сынды азаматтардың есімімен тығыз байланысты.
🗓Бүгінде кемел келешекке батыл қадам басқан «Егемен Қазақстан» газетінің жарыққа шыққанына – 105 жыл!
Осы уақыт аралығында өз оқырманына жаңалықты жедел әрі шынайы түрде жеткізіп, егемен еліміздің мемлекеттік саясатын қалың оқырман арасында байыпты насихаттап, ел шежіресін қағазға хаттаған басылымның әр парағы өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге.
📍105 жылдық белесті еңсерген ұжымға шығармашылық шабыт, еңбектеріңізге табыс тілейміз! Оқырманды қуантатын жағымды жаңалықтарыңыз көбейе берсін! Еліміздің өркендеуі жолында қаламдарыңыз мұқалмай, қызмет ете берулеріңізге тілектеспіз!