ҚР Ұлттық архивінде 22 желтоқсан — Архившілер күніне орай салтанатты шара өтті
49

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті төрағасының орынбасары Р.Құспан, “AMANAT” партиясы Астана қаласындағы Есіл аудандық филиалының атқарушы хатшысы С.Жусупова архив қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.
Мереке қарсаңында ҚР Ұлттық архивінің директоры С.Нұрланова мен ардагер архивистер Ж.Болташев пен Л.Рубцоваға “Архив ісінің үздігі” төсбелгісі табысталды.
Сондай-ақ архив ісін дамытып, ұлттық тарихи қорды толықтыру бағытында қажырлы еңбек етіп, әріптестік қарым – қатынасты, ынтымақтастықты тереңдетіп, ел тарихына қатысты архив құжаттарын кеңінен танытуға қосқан үлестері үшін бірқатар архив қызметкерлері арнайы Алғыс хатпен марапатталды.