Шымкентте «XVIII ғасырдағы Қазақ даласы: Иран архивтеріндегі құнды деректер» көрмесі ашылды
30

2026 жылдың 29 сәуірі күні Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі, комитетінің тапсырмасымен ҚР Ұлттық архиві және Шымкент қаласының мемлекеттік архивінің ұйымдастырумен, А. Пушкин атындағы әмбебап кітапханасында ерекше маңызды мәдени шара өтті.
Мұнда «XVIII ғасырдағы қазақ даласы: Иран архивтеріндегі құнды деректер» атты көрменің салтанатты ашылу рәсімі ұйымдастырылды.
Көрменің басты құндылығы – Қазақстан тарихына қатысты Иран архивтерінен табылған көне қолжазбалар мен бұрын-соңды жарияланбаған маңызды құжаттардың ұсынылуы. Бұл – ұлттық тарихымыздың беймәлім беттерін толықтыруға мүмкіндік беретін құнды деректер.
Іс-шара барысында «Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві» РММ директорының орынбасары Тұрсынгүл Құсайынова Иран архивтерінен әкелінген құжаттардың ғылыми және тарихи маңызы туралы мазмұнды баяндама жасады.
Көрме аясында «XVIII ғасырдағы Қазақ даласы: Иран архивтеріндегі құнды деректердің Қазақстан Республикасына әкеліну жолы» және «Архив-2025: Шетел архивтерінен әкелінген құжаттар» атты бейнероликтер көрсетілді.
Көрме соңында Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің Құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Салтанат Севкраевна Альтаева келушілерге ұсынылған архивтік жәдігерлер туралы кеңінен таныстырып, арнайы экскурсия жүргізді.
Көрме түстен кейін Шымкент қалалық мемлекеттік архивінде жалғасын тапты. Оған да қызығушылық танытып келген қала халқы мен қонақтары көп болды.

