Ұлттық архивте «Архив құжаттары – ұлттық мұраның алтын қоры» тақырыбында семинар өтті

2026 жылдың 15 сәуірінде Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің 20 жылдығына орай «Архив құжаттары – ұлттық мұраның алтын қоры» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – архив ісінің өзекті мәселелерін талқылау, құжаттаманы басқару және архивтік сақтаудың заманауи талаптарын түсіндіру, сондай-ақ мемлекеттік архив қорын толықтырудың тиімді жолдарын көрсету.
Семинар барысында архив ісіндегі негізгі бағыттар, атап айтқанда істер номенклатурасын қалыптастыру, архивтік құжаттарды сақтау талаптары, ақпараттық-есептеуіш құралдарды пайдалану және цифрландыру мәселелері бойынша баяндамалар жасалды. Сонымен қатар қатысушыларға архив қызметінің ерекшеліктері таныстырылып, арнайы бейнеролик көрсетіліп, экскурсия ұйымдастырылды.
Іс-шара соңында Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры С. Нұрланова архив саласына үлес қосқан бірқатар қатысушыларға алғыс хаттар табыстады.


