• Архив
    • Архив туралы
      • Архив тарихы
      • Басшылық
      • Бөлімдер
      • Кеңестер мен комиссиялар
    • Ынтымақтастық
    • Ғылыми кеңес
    • Әдістемелік кеңес
    • ⁠Ғылыми бағыт
    • Халықаралық қатынас
    • Біліктілікті арттыру орталығы
    • Мемлекеттік сатып алулар
    • Комплаенс қызметі
    • Вакансиялар
  • Жаңалықтар
  • Қорлар
    • Қорлар сипаттамасы
    • Архив-2025
  • Қызмет түрлері
    • Жинақтау көздері – ұйымдармен жұмыс
      • Жинақтау көздері – ұйымдар мен мекемелер тізімі
    • Жеке және заңды тұлғалармен жұмыс
      • Оқу залы
        • Оқу залында жұмыс істеу ережелері
        • Оқу залының жұмыс тәртібі
      • Мемлекеттік қызмет көрсету
    • Көрмелер
    • Жарияланымдар
      • «Қазақстан архивтері» журналы
      • Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің басылымдары
    • Байланыс
    • Сұрақ қою
    • Мерейтойлар және атаулы күндер күнтізбесі
    • Азаматтарды қабылдау
  • Нормативтер
  • Ақылы қызметтер
  • KZ
  • RU
  • EN
Қазақстан Респубикасының Ұлттық архивіҚазақстан Респубикасының Ұлттық архиві
Қазақстан Респубикасының Ұлттық архиві
  • Архив
    • Архив туралы
      • Архив тарихы
      • Басшылық
      • Бөлімдер
      • Кеңестер мен комиссиялар
    • Ынтымақтастық
    • Ғылыми кеңес
    • Әдістемелік кеңес
    • ⁠Ғылыми бағыт
    • Халықаралық қатынас
    • Біліктілікті арттыру орталығы
    • Мемлекеттік сатып алулар
    • Комплаенс қызметі
    • Вакансиялар
  • Жаңалықтар
  • Қорлар
    • Қорлар сипаттамасы
    • Архив-2025
  • Қызмет түрлері
    • Жинақтау көздері – ұйымдармен жұмыс
      • Жинақтау көздері – ұйымдар мен мекемелер тізімі
    • Жеке және заңды тұлғалармен жұмыс
      • Оқу залы
        • Оқу залында жұмыс істеу ережелері
        • Оқу залының жұмыс тәртібі
      • Мемлекеттік қызмет көрсету
    • Көрмелер
    • Жарияланымдар
      • «Қазақстан архивтері» журналы
      • Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің басылымдары
    • Байланыс
    • Сұрақ қою
    • Мерейтойлар және атаулы күндер күнтізбесі
    • Азаматтарды қабылдау
  • Нормативтер
  • Ақылы қызметтер

Жаңалықтар

  • Басты бет
  • Blog
  • Жаңалықтар
  • Ұлы тұлғаларды дәріптеуден ұтарамыз көп

Ұлы тұлғаларды дәріптеуден ұтарамыз көп

  • Автор ҚР Ұлттық архив
  • Айдар Жаңалықтар
  • Күні 01.10.2020
1  073
Тәуелсіздікке қолымыз жеткеннен бастап еліміздің саяси, құқықтық, әлеуметтік-экономикалық маңызы бар құжаттарын жинау және тарихымызды парақтаушы келешек ұрпақ үшін баянды етіп сақтап, құжат көзін ашу Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Осы мақсатта қоғамның саяси-әлеуметтік, мәдени-рухани ахуалы ұдайы жеке тұлғалар болмысы арқылы көрініс табатындықтан, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің жеке құжаттарын жинақтап келеміз. Ұлттық архив қорының негізгі құнды бөліктерінің бірін жеке тектік архив қорлары құрайды. Олар тарихи деректердің негізгі бөліктерін құрап, бірегей ретроспективті ақпаратты қамтиды. Жеке тектік қорлардың деректік маңызы әсіресе, әдебиет тарихын, ғылым мен өнер тарихын және жеке тұлғалардың қоғамдық-саяси қызметі мен өмір жолын зерттеуде арта түспек. Сонымен қатар, аталған жеке қордың тағы бір ерекшелігі олардың сипаты, мазмұны мен маңызының әртүрлі, сан қырлы болып келетіндігінде.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Ұлттық архиві жеке қорларының тізімі белгілі зерттеуші-ғалым, музейтанушы Әбдешев Марат Ескендірұлының есімімен толықтырылды. Марат Ескендірұлы 1945 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл (Күршім ауданы) ауданында дүниеге келген. Қазақ Мемлекеттік Университетінің тарих факультетін тәмамдаған. Қазақстанның Мемлекеттік Орталық музейінде 30 жылдан астам еңбек етіп, қазақтың көптеген көне мұраларын жинап, зерттеп, анықтаған. Музей экспозиционері ретінде еліміздің 60-қа жуық музей экспозициясының ғылыми-музейлік жобаларының авторы болған және олардың құрылуына тікелей атсалысқан.
Марат Ескендірұлы Салық Аманжолов, Базарбай Мәмбетов, Сатылған Сабатаев, Мұхаметжан Тынышбаев, Уәлитхан Танашев, Ғұбайдолла Бердиев, Шафқат Бекмұхамедов, т.б. көптеген Алаш қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылығына қатысты энциклопедиялық және 100-ден астам ғылыми-танымдық мақалалар жазған.
Кезінде Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынов «Қазақ – жоқ іздеген халық» деп жазған еді. Яғни, рухани және материалдық мұраларымызды өзге жұрт тасып әкеткен, жоғалтқан замандар болды. Осы күнге дейін халқымыз соны түгендеумен, іздеумен келеді.
Қазіргі жаһандану заманында елдікті сақтап, тәуелсіздігімізді баянды ету жолында ұлттық тарихымызды ұлықтай түсуіміз керек екенін түсінген Марат Ескендірұлының ерекше қызығушылық танытып, ғылыми қызметкер ретінде ел арасынан, алыс-жақын шетелдермен байланысып, жинақтаған, зерттеген дүниесі – Алаш қайраткерлері және ең алғашқы қазақ оқығандары туралы мәліметтер болып табылады. Аталған ізденістің нәтижесінде қор иесінің соңғы ширек ғасырдағы өзі іздеп тауып, жинап, анықтап, музей қорына өткізген және баспасөз беттерінде жарияланған ХІХ ғасырдың орта шенінен басталған қазақтардың фото бейнелері еніп, нақты деректер берілген «Қазақ портреттері», «Алаш Орда министрлері» кітаптары жарық көрді.
М. Ескендірұлының жеке қорынан тарихымыз бен мәдениетіміздің қасиетті тұғырына көтерілген ең алғашқы қазақ оқығандары, соның ішінде Алаш үкіметінің мүшелері болған зиялыларымыз туралы қор иесінің архивтер мен қорлардан жинақтаған, зерттеген құнды дүниелерін көреміз. Бұл құжаттардың қазіргі біздің жастарға және кейінгі ұрпаққа берері мол. Ұлттық архивтің жеке қорларының қатарын толықтырған Марат Ескендірұлының құжаттары ізденімпаз зерттеушілердің қызығушылығын тудыратыны күмәнсіз.
Әсия Керімтаева, ҚР Ұлттық архивінің
жеке тектік құжаттармен жұмыс
жүргізу бөлімінің басшысы
author avatar
ҚР Ұлттық архив

Previous post

Жолдау талқыланды
01.10.2020

Next post

Архив қызметкерлері праймеризге белсене атсалысуда
03.10.2020

СІЗГЕ ҰНАУЫ МҮМКІН

1200_0_9P7NTipCZ2QfjVCqTxRfhXsSqUK3X7zhxVFGrsN9
Қаламгерлердің архивтегі мұрасы қалай сақталады?
26 Ақпан, 2026
WhatsApp Image 2026-02-26 at 09.11.30
Ұлттық архивте маңызды кездесу өтті
25 Ақпан, 2026
WhatsApp Image 2026-02-19 at 16.47.44
Ұлттық архивте жұмыс кеңесі өтті
19 Ақпан, 2026

Іздеу

Соңғы жазбалар

  • Қаламгерлердің архивтегі мұрасы қалай сақталады?
  • Ұлттық архивте маңызды кездесу өтті
  • Ұлттық архивте жұмыс кеңесі өтті
  • Аида Балаева мәдениет және ақпарат салаларын жаңғыртудың басым бағыттарын белгіледі
  • Ұлттық архивте Шерхан Мұртазаның шығармашылық мұрасына арналған дөңгелек үстел өтті

Қаралым

  • Басты бет - 157  065 Просмотры
  • Қорлар сипаттамасы - 25  257 Просмотры
  • Рухани келісім күні - 18  246 Просмотры
  • Мерейтойлар және атаулы күндер күнтізбесі - 15  685 Просмотры
  • Руководство - 12  593 Просмотры
  • АҚЫЛЫ ҚЫЗМЕТТЕР - 12  229 Просмотры
  • История Архива - 11  728 Просмотры
  • Оқу залында жұмыс істеу ережелері - 8  790 Просмотры
  • Қазақстан Республикасының #154 қаулысы - 8  198 Просмотры
  • Бөлімдер - 8  035 Просмотры

logo-eduma-the-best-lms-wordpress-theme

+7 (7172) 44 62 78

info@kazarhiv.kz

Посмотреть на карте Астаны

Фотографии компании
Найти проезд до Национальный архив РК, Министерство культуры и спорта РК

Деректемелер:

Қазақстан Республикасы
Ұлттық архивінің координаттары:
010000, Астана қаласы.
«Нұржол» желекжолы, 12
тел.факс: 8 (7172) 446280
Қазақстан Республикасы
Ұлттық архивінің жұмыс уақыты:
дүйсенбі-жұма - сағ. 09.00-18.00,
үзіліс - сағ. 13.00-14.00
сенбі, жексенбі - демалыс күндер.

© 2026 Қазақстан Респубикасының Ұлттық архиві

Яндекс.Метрика