Ұйымның істер номенклатурасын қалыптастыру
21

13-14 наурыз күндері «Ұйымның істер номенклатурасын қалыптастыру» бойынша семинар өтті. Семинарға Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы, Қостанай, Ұлытау, Ақмола облысынан келген мамандар қатысты.
Біліктілікті арттыруға арналған семинар барысында Ұлттық архив қорын қалыптастыру бөлімінің басшысы М. Нұртазина «Ұйымның номенклатурасын жасау ерекшеліктері» тақырыбында, ҚР Ұлттық архивінің бас қор сақтаушысы М. Шауленова «Мемлекеттік сақтауға құжаттарды қабылдау реті» бойынша, Жеке тектік құжаттармен жұмыс бөлімінің басшысы Ә. Керімтаева «Жеке тектік құжаттармен жұмыс тәртібі» тақырыбында өз тәжірибелерімен бөлісті.
Архив саласындағы маңызды тақырыптарға арналған семинар қорытындысы бойынша мамандарға арнайы сертификаттар табысталды.