Таратылуы шектелген қызметтік ақпаратпен жұмысты ұйымдастыру

19-20 маусым күндері ҚР Ұлттық архивінде «Таратылуы шектелген қызметтік ақпаратпен жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында оқу семинары өтті.
Семинарда Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Мемлекеттік саясат және нормативтік-құқықтық реттеу басқармасының басшысы С.Н. Тащанова «Таратылуы шектелген мәліметтерді қамтитын құжаттармен жұмысты нормативтік-құқықтық реттеу», ҚР Ұлттық архивінің директоры С.Е. Нұрланова «Құжаттарды қалыптастыру-Ұлттық архив қорының сапалы құрамының кепілі», ҚР Ұлттық архивінің Мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімшесінің бөлім басшысы Ш.А. Жанатаева «Қызмет бабында пайдалану құжаттарымен жұмыс жүргізу ерекшеліктері» тақырыбында лекция оқып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды.