ҚР Ұлттық архиві қызметкерлері көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын жетілдірді

2025 жылғы 9 қазан күні ҚР Ұлттық архивінің қызметкерлері ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Көпшілік алдында сөйлеу» тақырыбы бойынша азаматтық қызметшілердің біліктілігін арттыру семинарына қатысып, 8 академиялық сағат көлеміндегі бағдарламаны табысты аяқтады.
Семинар кейстер лабораториясы (интерактивті пікірталас. вrainstorming), сөйлеу фабрикасы (жазып үйрену. дұрыс сөйлеу және олардың құрылымы), дауыс мектебі (тыныс алу жаттығулары, сөйлеу және харизма), қорқынышсыз сахна бағыттарын қамтыды. Теориялық негіздермен қатар, практикалық жаттығулар өткізілді. Көпшілік алдында сөйлеуге деген қорқынышты жеңуге көмектесетін қарапайым тәсілдер де талқыланды.
Семинар спикері – медиа менеджер, Бас редакторлар клубының атқарушы директоры, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының менторы Куламан Бибигуль Букимбаевна.
Аталған семинар ҚР Ұлттық архиві қызметкерлерінің көпшілік алдында сенімді және әсерлі сөйлеу қабілеттерін дамыту жолындағы маңызды қадам болды.