«Жеке құрам және қаржылық сұрақтар бойынша құжаттардың сақталуы» тақырыбында оқу семинары
28

2025 жылғы 22 қазан күні ҚР Ұлттық архивінде «Жеке құрам және қаржылық сұрақтар бойынша құжаттардың сақталуы» тақырыбында оқу семинары өтті.
Семинарға ҚР Ұлттық архивінің жинақтау көздері болып табылатын мемлекеттік органдардың персоналды басқару, қаржы, бухгалтерлік есеп және құжаттамамен қамтамасыз ету салаларының қызметкерлері қатысты.

ҚР Ұлттық архивінің директоры С.Е. Нұрланова қатысушыларға алғыс білдіріп, семинардың өзектілігін атап өтті. Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті басқармасының басшысы С.Н. Тащанова «Жеке құрам және қаржылық сұрақтар бойынша құжаттардың сақталуы» тақырыбында баяндама жасады.

Семинар архив ісінің сапасын арттыруға, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби құзыреттілігін нығайтуға бағытталған тиімді қадам болды.
