Архившілер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті
537

2025 жылғы 22 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде Архившілер күніне арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Архив – өткен мен бүгінді, бүгін мен болашақты жалғап тұрған алтын көпір. Ал архивші – сол көпірдің беріктігін қамтамасыз ететін ұлт жадының сақшысы. Көзге көріне бермейтін, бірақ аса жауапты да маңызды еңбектің арқасында тарихи құжаттар сақталып, ғылыми айналымға енгізіліп, қоғам игілігіне қызмет етуде.

Қазақстан Республикасы Ұлттық архиві Құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Айгүл Шағиева және «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының аға менеджері, архивист Байшорина Әлия «Архив саласының үздігі» төсбелгісімен және басқа да қызметкерлер Құрмет грамотасы, Алғыс хаттармен марапатталды. Бұл марапат – архив ісіне адалдықтың, жоғары кәсіби біліктіліктің және тынымсыз еңбектің лайықты бағасы.


