Ұлттық архивте маңызды кездесу өтті

Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық архивіне «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының Астана қаласы «Есіл» аудандық штабының өкілдері келді.
Кездесуге:
▪ ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Бибігүл Жексенбай мен Дархан Қыдырәлі
▪ Есіл ауданының әкімі Дарменияр Қыдырбекұлы
▪ Астана қаласы мәслихатының депутаты Ғабит Тәжімұратов
▪ «AMANAT» партиясының «Есіл» аудандық филиалының төрайымы Санира Жүсіпова
▪ танымал блогер Нұрсейітова Әсем қатысты.
Жиын барысында Жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары таныстырылып, Ата Заңның заман талаптарына сай қайта әзірленіп жатқаны түсіндірілді. Қатысушылар көкейдегі сұрақтарына жауап алып, ел болашағы үшін маңызды бастамалардың маңыздылығын атап өтті.




