Ведомстволық және жеке архивтермен жұмыс жүргізу бөлімі

Ведомстволық және жеке архивтермен жұмыс жүргізу бөлімі меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің жинақтау көздері болып табылатын ұйымдармен жұмыс жүргізеді. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің жинақтау көздері – ұйымдарының тізімінде 282 ұйым бар.

Бөлімнің негізгі қызметі:

    • Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің жинақтау көздері – ұйымдарын анықтау;
    • Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің жинақтау көздері -ұйымдардың қызметінде пайда болатын, жеткізгіштердің барлық түрлеріндегі құжаттарды іріктеу және тұрақты сақтауға тапсыруға дайындау бойынша әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру;
    • Ұлттық архив қоры құжаттарының және ұйымдардың ведомстволық (жеке) архивтерінде уақытша сақтаудағы жеке құрам бойынша құжаттардың көлемі мен құрамын анықтау;
    • Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің сараптау-тексеру комиссиясының отырысына құжаттарды дайындау және оның жұмысын ұйымдастыру;
    • Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің жинақтау көздері- ұйымдарының ведомстволық және жеке архивтерінің, құжаттама қызметінің қызметкерлеріне істер номенклатурасын, ведомстволық (жеке) архив туралы ережелерді, сараптау комиссиясы туралы ережелерді әзірлеу және жасау, тұрақты сақталатын, жеке құрам бойынша істер тізімдемесін, сақтауға жатпайтын құжаттар мен істерді жоюға бөлу туралы актіні және т.б. жасауға әдістемелік көмек көрсету және т.б.

© 2020 - 2021 Қазақстан Респубикасының Ұлттық архиві