Құжаттарға есеп жүргізу және оларға ғылыми-анықтамалық аппарат жасау бөлімі Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің Ұлттық архив қорын сақтауды қамтамасыз ету және мемлекеттік есеп жүргізу қызметінің құрамына кіреді.
Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасы Ұлттық архивынің Жарғысын және архив ісі және құжаттама департаменті директорының, Ұлттық архив директорының бұйрықтарымен нұсқауларын, Ұлттық архив басшылығының жазбаша, ауызша өкімдерін және ережені басшылыққа алады.

  • Бөлімнің негізгі міндеттері Қазақстан Ұлттық архивіне мемлекеттік сақталуға түскен Ұлттық архив қоры құжаттарының мемлекеттік есебін жүргізу.
  • Ұлттық архив қорының Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қорын есепке алады.
  • Ұлттық архив қоры құжаттарына ғылыми-анықтамалық аппарат жасау.
  • Ұлттық архивтің қорлары бойынша құжаттардың бірыңғай электрондық архивін жүргізеді.
  • Ұлттық архив қорларына жөнсілтерлер, көрсеткілер және шолулар даярлайды.
  • Ұлттық архив қоры құжаттарына ҒАА жүйесін жасайды және дамытады. Дыбыс жазба құжаттарының есебін жүргізеді және жетілдіреді. Тізімдемелерді жетілдіруді жүргізеді.
  • Ұлттық архивтің жүйелі және басқа да каталогтарын жүргізеді, құжаттарды каталогтауды жүзеге асырады.
  • Бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша әдістемелік ұсынымдар мен жадынамалар әзірлейді.

Бөлім басшысы: Сыздықова Г.А.
8 (7172) 44-62-81 (157)

© 2020 - 2021 Қазақстан Респубикасының Ұлттық архиві